Даңқты футболшы Криштиану Роналдудың төртінші баласы дүниеге келді

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
13.11.2017 в 10:25

Даңқты футболшы Криштиану Роналдудың төртінші баласы дүниеге келді

Даңқты футболшы Криштиану Роналдудың төртінші баласы дүниеге келді Фото: Instagram

Мадридтік «Реал» футбол клубының және Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың төртінші баласы дүниеге келді. Бұл жолы даңқты футболшыға суррогат ана емес, өзінің сүйіктісі табиғи жолмен сәби сыйлаған.

Испандық модель Джорджина Родригес дүниеге қыз әкелген. Нәрестеге ата-анасы Алана Мартина деп ат қойыпты. Бұл туралы футболшы өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.

«Алана Мартина қазір ғана дүниеге келді. Анасы мен қызының жағдайы жақсы. Бақыттымыз!», ― деп жазады атақты спортшы.

Бұл сәби Криштану Роналдудың футболшының төртінші баласы. Жуыра ғана суррогат ана футболшыға егіздер босанып берген болатын. Сондай-ақ, Роналдудың үлкен ұлы да белгісіз әйелден туылған.


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика