ОҚО-да жаңа мешіт ашылды

 +7 (7172) 308 571

Написать нам

ОҚО-да жаңа мешіт ашылды

07.11.2016 15:47
ОҚО-да жаңа мешіт ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жамбыл ауыл округі, Ерман ауылында «Амина бибі» атындағы мешіттің ашылу салтанаты болып өтті.

Салтанатты жиын алдымен қасиетті Құран Кәрім оқумен басталды. Алғашқы сөз ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек барша жиылғандарды құттықтап, өз лебізін білдірді. Мұнымен қатар найб мүфти ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің арнайы құттықтау алғыс хатын табыс етті. Осыдан кейін, Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Исмаилов сөз алып, мешіт ашылуымен құттықтады.

Аталмыш мешітті елге белгілі дінтанушы, облыс имам орынбасары Мұхамеджан Естеміровтің бастамасымен салынып, ел игілігіне берілді.

Жаңа құлшылық үйінің атауы - күллі мұсылмандардың анасы Амина (р.а) анамыздың құрметіне «Амина бибі» делінген. Жалпы, құлшылық үйінде бір мезетте 120 адам намаз оқи алады. Мешіттің жылыу жүйесі жапондық үлгіде едені арқылы жылытылады. Мешіттің арнайы көлік тұрағы бар. Дін мен дәстүрімізді дәріптеу мақсатында қазақи оюлармен безендірілген. Мешіттің мемекеттік жер актісі мен өзгеде құжаттары ҚМДБ-на филиал болып тіркелген. Жалпы, мешіт құрылысына жұмсалған құрылыс материалдары отандық өнімдер екен айтып өту керек.

Аталмыш шара барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек бастаған ел азаматтары «Жасыл ел» шарасы аясында мешіт ауласына ағаш отырғызды.

Сондай-ақ, жиналған жамағатқа дін мен дәстүр жылы аясында ұлттық ойын түрлерінен арқан тарту, кір тасын көтеру сынды жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға өкілдік тарапынан арнайы диплом және сый-сияпаттар табыс етілді. Ашылу рәсімінен кейін көпшілікке мерекелік арнайы ас берілді.

Қазір елімізде 2500-ге жуық имандылық үйі бар болатын болса, бұл жаңа нысан осы өңірдегі 800-шы мешіт болып ашылып отыр.

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Добавить комментарий

Отправляя комментарий, Вы соглашаетесь с нашими правилами комментирования

Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика