+7 (7172) 308 571

Написать нам

ОҚО имамдары 25 жылдыққа 25 игі іс атқарды

13.12.2016 12:59
ОҚО имамдары 25 жылдыққа 25 игі іс атқарды

Оңтүстікқазақстандық имамдар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және қасиетті Мәуліт мерекесіне орай 25 игі іс атқарды. Атап айтқанда, Қазығұрт аудандық орталық мешіттің ұйытқы болуымен, Қақпақ ауылы әкімдігі және Қақпақ орталық мешіттері бірлесе мүмкіндігі шектеулі балалар мен азаматтарға, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға қайырымдылық жасалынды.

Сонымен қатар, орталық мешіт есебінен ауылдың екі тұрғынына және кәсіпкерлер мен ұстаздар есебінен тағы 8 азаматқа материалдық көмек көрсетілді. Ал, ауданның орталық мешіті екі отбасыға азық-түліктей көмек берді.

Бұдан бөлек, Қызылқия ауылындағы «Қызылқия» мешітінде «Мәуліт» дастарханы жайылып, 200 ден астам ауыл тұрғынына ас берілді. Ауыл имамы Шатаев Сәкенғали жиналған жамағатты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және қасиетті Мәуліт мерекесімен құттықтап, тақырып аясында кеңінен уағыз жүргізді. Сондай-ақ, бабалар рухына құран бағышталды.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының имам-молдалары өңірде исламды насихаттаумен қатар түрлі қайырымдылық шараларын жүргізуді дәстүрге айналдырған. Мәселен, Құрбан айт мерекесінде жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратылса, 1 қыркүйек – жаңа оқу жылы алдында (Мектепке жол» акциясына қатысып, мұқтаж отбасылардың балаларын киіндіріп, қажетті құрал-саймандармен жабдықтайды.

Мәулид мейрамы – Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың туған күнін тойлау рәсімі. Бұл мереке Рабиғ әл-әууәл айының 12-ші күні тойланады.

Дүниедегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед «алейһиссалам» 571 жылы сәуірдің 20-на сай келетін рабиуләууәл айының 12-сі дүйсенбі күні түнде таңға жақын Меккеде дүниеге келді. Барлық пайғамбардың үмметі өз пайғамбарларының туған күнін тойлайды. Бүгін де мұсылмандардың мерекесі. Қуаныш пен шаттық күні. Әлемдегі мұсылмандар тарапынан жыл сайын бұл түн «мәуліт түні» болып тойланады, барлық жерде мәуліт қасидасы, өлеңдері оқылып, расулуллаһ еске алынады. Мәуліт туған сәт дегенді білдіреді.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2016, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroidWindows

Яндекс.Метрика