ОҚО-да діни тұрақтылықты сақтауға атсалысқандар марапатталды

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
16.12.2016 в 15:00

ОҚО-да діни тұрақтылықты сақтауға атсалысқандар марапатталды

Ел дербестігіне ерен еңбек пен қажырлы қайрат арқасында қол жеткізді. Ал, оны мәңгілік ету одан да көп қажырды талап етеді. Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қоғамдық келісім» кеңесінде бас қосқан азаматтар осылай деді. Алқалы жиында осы жолда аянбай тер төккендерге құрмет көрсетілді.

Салтанатты шара барысында ерен еңбегі үшін көзге түскен бірқатар азаматтар марапатқа ие болды. «Қазақстан Ресубликасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медаліне бұл шарада 3 адам лайық деп танылды. 25 тұлғаға Облыстық дін істері басқармасы тарапынан Алғыс хат табыс етілді. Олардың қатарында ЖОО мен БАҚ өкілдері, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері де бар.

Ата діннен алшақ кету адамды адастырады. Облыс тұрғындары осыны жіті түсінгені дұрыс. Діни сауатсыздық – теріс діни ағымдардың жетегінде кетуге басты себеп. Алқалы жиында бас қосқан дін өкілдері мен тиісті басқарма қызметкерлері көпшілікке осыны насихат етті.

Қазіргі таңда елімізде 18 конфессия жұмысын үйлестіреді. 3636 діни ұйым бар. Ресми құжатымен растап, 235 дүкен жұмыс істейді. Тізімдегі миссионерлер саны – 510. Тек солар ғана діни ілім таратуға құқылы. Насихат жасауға тиісті рұқсаты болмаса, бұл заң бұзушылық болып табылады. Іргемізге іріткі салуға бейімдер көп. Ақырын жүріп, анық басу – Абай заманынан ақиқат.

Бұған дефін жазғанымыздай, бүгінде ОҚО-да жат ағымның жетегінде жүрген жандардың саны 3 мыңға жуықтайды. Олармен түсіндіру шараларн ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы жүргізуде.

Добавить комментарий

Отправляя комментарий, Вы соглашаетесь с нашими правилами комментирования

Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика