Қуандық Бишімбаевті қамауға алынды

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
13.01.2017 в 09:21

Қуандық Бишімбаевті қамауға алынды

Қуандық Бишімбаевті қамауға алынды

Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты экс-министр Қуандық Бишімбаевты қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлтық бюросының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ұлттық экономика экс-министрі бірнеше рет аса ірі көлемде пара алды деп айыпталуда. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев 10 қаңтар күні ұсталған болатын. Жемқорлық жолымен иемденген ақшаларын ол жеке басының қажеттілігі үшін жұмсаған дейді тергеушілер. Қазір экс-министр Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысында.

Бишімбаевтың «Бәйтерек» ісіне қатысы бар екені 2016 жылдың соңында белгілі болған еді. Ол сол кезде, яғни 27 желтоқсанда министр қызметінен босатылды. Министр болғанға дейін Қуандық Уәлиханұлы «Бәйтерек» холдингін басқарған.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика