Павлодарда науқас адамды пойыз қағып кетті

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
18.01.2017 в 11:56

Павлодарда науқас адамды пойыз қағып кетті

Павлодарда науқас адамды пойыз қағып кетті

Қайғылы оқиға 17 қаңтар күні таңғы сағат бестер шамасында Павлодар станциясында орын алған. Соққының қатты болғаны сонша, марқұмның денесі бөлшектеліп кетіпті.

«Қайтыс болған азаматтың кім екені анықталды. Ол - Павлодардың тұрғыны. Өткен жылдың соңында облыстық жүйке аурулары диспансерінде ем қабылдаған. Науқас болған, яғни қояншық ауруымен ауырған», — дейді Павлодардың көлік прокуратурасы басшысының орынбасары Амангелді Рахметжанов.

Пойыз машинисті болса жолдағы адамды тек жақындаған сәтте ғана байқағанын айтып отыр. Дереу тежегішті басқанымен қайғылы жайттың алдын алу мүмкін болмады дейді ол.

ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті өкілдерінің мәліметінше, аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344 бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Отправляя комментарий, Вы соглашаетесь с нашими правилами комментирования

Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика