+7 (7172) 308 571

Написать нам

Мәжіліс депутаттары жолдауды түсіндіру үшін ел араламақ

01.02.2017 10:19
Мәжіліс депутаттары жолдауды түсіндіру үшін ел араламақ

Мәжілістің алқа отырысында Палата спикері Нұрлан Нығматулин депутаттардың барлығы жолдауды халыққа түсіндіру мақсатында өңірлерді аралайтынын мәлімдеді. Олар әрбір еліміздегі отбасыға жолдаудың басым бағыттарын түсіндірулері керек.

«Бүгінде Жолдауды зерделеу, оны жүзеге асыру әрбіріміздің, соның ішінде міндеті түрде депутаттардың басты жұмысы болуы тиіс. Біз өз сайлаушыларымызға Президент айтқан тапсырмалардың мән-мағынасын жеткізуіміз қажет. Сондықтан, бүгінгі алқа отырысынан кейін біз аймақтарды аралап, халыққа Мемлекет басшысының жолдауын түсіндіреміз. Бұл өте маңызды және жауапты миссия», - деп атап өтті Н.Нығматулин.

Естеріңізге салайық, биыл 31 қаңтар күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын арнады. Маңызды құжат «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталады.

Комментарии  

Аноним
+ 0 Аноним 01.02.2017 16:43
Депутаттардың халықпен жүздесу кестесі қашан шығады екен?
Ответить | Ответить с цитатой
Ержан Дулатов
+ 0 Ержан Дулатов 01.02.2017 16:44
Шынымен де, осы отырыстан кейін аймақтарды аралау жақсы идеялардың бірі деп ойлаймын, қалай болған да да, халыққа Мемлекет басшысының жолдауын түсіндіру маңызды қадам.
Ответить | Ответить с цитатой
Аноним
+ 0 Аноним 01.02.2017 16:46
депутаттары жолдауды түсіндіру үшін ел аралайды екен, бұйырса белсенді түрде қатысып өз пікірімізді бөлісетін боламыз
Ответить | Ответить с цитатой
Маржан Нурматова
+ 0 Маржан Нурматова 01.02.2017 16:46
Елбасының жолдауын көрдім, осылай хабарлағаны дұрыс болған деп, өз басым солай ойлаймын. Болашақта барлығын жүзеге асырамыз деген ойдамын.
Ответить | Ответить с цитатой
Жандос Темиров
+ 0 Жандос Темиров 01.02.2017 16:50
Кең көлемде насихат жұмыстарын қолға алудың өзі көбін білдіреді, демек, еліміздің әрбір азаматына, әрбір отбасына жеткізіп, түсіндіру маңызды шарт деп білетін шығар.
Ответить | Ответить с цитатой
Фарида Алиева
+ 0 Фарида Алиева 01.02.2017 16:51
Әрбір еліміздегі отбасыға жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру, маңызды факторлардың бірі деп ойлаймын. Қайткенменен, барлығымыз мән жайды біліміз керек.
Ответить | Ответить с цитатой
Назира Ибраева
+ 0 Назира Ибраева 01.02.2017 16:53
Осы өзгерістер халықтың әлеуметтік жағдайын күшейтуге ықпал ететініне еш күмәнім жоқ, сондықтан да бірігіп аз да болса ықпалымызды тигізейік.
Ответить | Ответить с цитатой
Динара
+ 0 Динара 01.02.2017 16:54
Араласын ел-елді... Дәл қазір түсіндіргені дұрыс
Ответить | Ответить с цитатой
Алия
+ 0 Алия 01.02.2017 16:56
Темірді қызған кезінде соғу керек. Бұл идея маған ұнап тұр
Ответить | Ответить с цитатой
Нурай
+ 0 Нурай 01.02.2017 16:57
Жолдауды бірінші кезектң түсіндіру керек. Тіпті, қажет болса мектептерді де аралап насихат жасалу керек
Ответить | Ответить с цитатой
Амина
+ 0 Амина 01.02.2017 17:00
Оны зерделеу және жүзеге асыру әрбір азаматтың борышы. Кез келген адам жолдауға үн қосып, жұмыс жасау керек. Қазір бұл маңызды жұмыс, меніңше
Ответить | Ответить с цитатой
Айнура
+ 0 Айнура 01.02.2017 18:35
Бір жағынан осы да дұрыс. Халықтың жиналып қалған сұрақтары көп болар. Халық қалаулары барлығына байыпты жауап беретініне күмәнім жоқ.
Ответить | Ответить с цитатой
Айнура
+ 0 Айнура 01.02.2017 18:38
Жолдауды түсінідіріп қана қоймайды депутаттар. Сонымен қатар, халықпен кездесіп, бар жағдайды түсінуге тырысады.
Ответить | Ответить с цитатой
Болысбек
+ 0 Болысбек 01.02.2017 18:41
Халықтың мүңын тыңдайтын шенеуніктердің ел аралауға шыққаны дұрыс.
Ответить | Ответить с цитатой
Кенесары
+ 0 Кенесары 01.02.2017 20:47
Оны тусндретн не бар. Жолдау жай гана бос соз. Бла-бла-бла
Ответить | Ответить с цитатой

Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroidWindows

Яндекс.Метрика