1 ақпаннан астаналықтардың медициналық карталары электронды болды

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
01.02.2017 в 17:29

1 ақпаннан астаналықтардың медициналық карталары электронды болды

1 ақпаннан астаналықтардың медициналық карталары электронды болды

Астана әкімдігінде өткен кеңесте қаланы 2020 жылға дейін дамытудың түзетілген бағдарламасының басымдықты мәселесінің бірі - денсаулық сақтау саласы қаралды. Әкім Әсет Исекешев атап көрсеткендей, бағдарламада халық денсаулығын басқарудың сектораралық жүйесіне көшу қарастырылған.

«Мемлекет басшысы денсаулық көп жағдайларға байланысты деп бірнеше рет айтқан болатын: Бірінші - салауатты өмір салты, бұқаралық спортты дамыту. Екінші - сапалы тамақтану. Үшінші - сапалы ауыз су. Төртінші - экология. Бесінші - денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасы. Осы 5 бағыттың әрқайсысы бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажет. Бірақ олар өзара байланысты болуы тиіс» - деп мәлім етті қала басшысы.

Астана әкімі балалар және бұқаралық спортты дамытуды жалғастыруды тапсырды, деп хабарлады баспасөз қызметінен. Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісовтың ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта тұрғындардың денсаулығын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Астанада өмір сүру ұзақтығы соңғы үш жылда 74,3 -тен 75,4 жасқа дейін ұзарды және ел бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Үш жылда балалардың өлім-жітімі жаңа туған 1000 сәбиге шаққанда 7,5-тен 6,4-ке дейін төмендеді, ал ана өлімі 100 мыңға 16,3-тен 7,3-ке дейін төмендеген және бұл қарқын үстіміздегі жылы да сақталып отыр. Сондай-ақ, бүгінгі күні Астанада тұратын халықтың 24% белсенді түрде спортпен шұғылданатыны айтылды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мамандарының пікірінше, бұл көрсеткіш 30%-ға жетіп, одан асқан кезде халықтың қан айналымы жүйесінің ауруларынан және онкологиялық аурулардан өлім деңгейі едәуір төмендейді. Қадамдық қолжетімділік жобасы шеңберінде бірыңғай электрондық медициналық карта құрылды. Жоба Astana Innovations АҚ-мен бірлесіп әзірленді. Қазір барлық жұмыстар аяқталды. 1 ақпаннан бастап оны барлық медициналық мекемелер бойынша енгізу жоспарланған. Аталған жүйе дәрігерлерді қағаз құжат айналымынан босатуға мүмкіндік береді, ал ауруханалар мен емханаларда тіркеу орындарынан картаны және мұрағаттан ауру тарихын іздеместен, Бірыңғай ауру тарихы толтырылатын болады. 

«Бізде геронтология қызметі жоқ. Үстіміздегі жылдың 9 мамырына қарай біз осы батыл жобаны толық дайындап шығарамыз. 4-ші қалалық емхананың базасында біз соғыс ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, қарттарға және көп балалы аналарға арналған заманауи check-up орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Аталған орталық толықтай заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақталатын болады. Барлығы бір жерде орналасып, қарт адамдардың игілігіне жұмыс істейді», - деді Е. Байжүнісов.


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика