«Цеснабанк» пен «Центркредит» банкі бірігу мәселесін ойластыруда

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
01.02.2017 в 17:56

«Цеснабанк» пен «Центркредит» банкі бірігу мәселесін ойластыруда

«Цеснабанк» пен «Центркредит» банкі бірігу мәселесін ойластыруда

«Цеснабанк» пен «Центркредит» банкі бірігу мәселесін талқылауда. Бұл туралы «Центркредит» банкі АҚ акционері Байсеитов Бахытбек Рымбекұлы мырза, «Цеснабанк» АҚ және «Финансовый холдинг «Цесна» АҚ-ның (Консорциум) бірлескен мәлімдемесінде xабарланды.

«ЦентрКредит Банкі» АҚ-ның 41, 93% акциясына иелік ететін KOOKMIN BANK, өзіне тиесілі банк акцияларын Консорциум мүшелеріне сатуды жөн деп тапты. Сонымен қатар банктің 10% акцияларына ие банктің келесі акционері - Internationaj finance corporation банк акцияларын сату үшін қолайлы сатып алушы ретінде Байсейітов Бақытбек Рымбекұлын таңдап отыр. Қазіргі уақытта Консорциум мен Kookmin bank өзара келіссөздерді аяқтауда.

«Консорциум мүшелері банк капиталын ұлғайтуды және «Цеснабанк» АҚ банкімен бірігу мүмкіндігін немесе өзге формадағы нығайтылған қаржы институтын құру мақсатында корпоративтік несие беру, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру, сондай-ақ жеке тұлғаларға несие беру және банктік қызмет көрсету саласында еліміздің банктік секторындағы көшбасшылардың бірі ретінде өз позициясын күшейту және сақтау мақсатында қайта құруды талқылауда. Болашақтағы бірігу екі банктің біріккен қаржы институтының тиімділігін және бірлескен іс-әрекеттерін арттырады. Қаржы нарығында жаңа қатысушының пайда болуы Қазақстанның бүкіл банктік секторының дамуына жаңа қарқын беретін клиенттердің кең көлемді тобына жоғары сапалы қызметтер көрсетуге мүмкіндік жасайды», - делінген xабарламада.

Добавить комментарий

Отправляя комментарий, Вы соглашаетесь с нашими правилами комментирования

Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика