+7 (7172) 308 571

Написать нам

2017 жылы 20 мыңнан астам қазақстандыққа жұмысшы мамандықтарын тегін оқу мүмкіндігі беріледі

01.02.2017 18:54
2017 жылы 20 мыңнан астам қазақстандыққа жұмысшы мамандықтарын тегін оқу мүмкіндігі беріледі

Кәсіби жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді оқыту 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімде жүргізіліп, колледждер, оқыту орталықтары және әскери-техникалық мектептерде өткізілмек.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Қазақстанда ниет білдірген әрбір Қазақстан азаматына жұмыс мамандығын тегін оқу мүмкіндігін беретін Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің жаңа бағдарламасы бастау алады.

Бұл бағдарламаны мемлекеттік қаржыландыруға 118,8 млрд теңге бөлінгенін айта кеткен жөн.

«Бес жыл ішінде, яғни 2017 – 2021 жылдар аралығында кадрларды дайындауға 106,5 мың адам тартылады. Әр жылға шаққанда – 21 мың адамнан қабылданады. Сонымен қатар, қысқа мерзімді оқуға 214 мың адам тартылды. Демек, бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 320,5 мың адамды құрамақ. Маман болуға ниетті азамат бірден үш жұмысшы біліктілігін меңгере алады. Мысалға, ол «тас қалаушы», «таспен өңдеуші» біліктіліктеріне ие болып, қалауы болса, орта буын санатына жатқызылатын «техник-құрылысшы» біліктілігін алу үшін оқуын жалғастыра алады», - деді ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басқарма басшысы Рауза Шырғатова.

Алдын ала болжам бойынша, 2021 жылға қарай Қазақстанда оқып жатқандардың 40% дейін жұмысшы мамандықтарын таңдап, нарықтағы біліктілігі жоқ жұмыс күшінің үлесі 20% дейін кемімек. Халықтың жұмыспен қамтылуы өсіп, жұмыссыздық көрсеткіші 4,8% дейін төмендейді.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroidWindows

Яндекс.Метрика