Алматы облысы конфессиялар мен ұлттар арасындағы конструктивті диалогты дамытуда

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
30.03.2017 в 15:35

Алматы облысы конфессиялар мен ұлттар арасындағы конструктивті диалогты дамытуда

Алматы облысы конфессиялар мен ұлттар арасындағы конструктивті диалогты дамытуда

Алматы облысында Панфилов аудандық әкімдігінің мәжіліс залында жергілікті дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің алғашқы тоқсандағы отырысы өткізілді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Отырыстың негізгі мақсаты – дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қоғамның бірлігі мен татулығын нығайту, конфессиялар мен ұлттар арасындағы конструктивті диалогты дамыту, жастар арасында отансүйгіштікті, толеранттықты, төзімділік пен байсалдылықты насихаттау. Басқосуға өңірлердегі аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің, құқыққорғау орындарының басшылары, білім беру және әлеуметтік салаға жауапты тұлғалар, аймақтағы мешіттердің имамдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңес жұмысына облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар төрағалық етті.

Жиында Жақсылық Мұқашұлы діни экстремизм мен радикализм идеяларының алдын алу барысында облыста атқарылған іс-шараларды атап өтіп, олардың маңызын, мән-мақсатын түсіндірді. Сөз тізгінін алған облыстық Дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов аймақтағы дәстүрлі дін өкілдері жүргізіп жатқан жұмыстар дамуы мен қызметі туралы жан-жақты әңгіме өрбітіп, мемлекетімізде тыйым салынған кейбір діни ағымдардың іс-әрекеттеріне, олардың қоғамдық ахуалға кері әсері жөнінде мысалдар келтіре отырып баяндама жасады. Сала басшысының баяндамасында жастарды жат ағымға жолатпай, ата-бабамыз ұстанған діни сенімге сай тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдері нақты деректермен дәйектеліп айтылды.

Мысалы, Жаркент өңіріндегі жат ағымдағы діншілдердің 76 пайызы жұмыссыз жүрген жастар екен. Жат ағымға еріп, адасқандармен түсінік жұмыстарын жүргізу мен оларға тұрақты жұмыс тауып беру шаралары кемшін. Жаркент қаласындағы кейбір мешіттерде жат ағым өкілдерінің емін-еркін уағыз айтып, өз мақсаттарын дәріптеуіне жол берілген. Сол сияқты мектептерде хиджап киетін оқушылар саны да кемімей тұр. Өңірде екі мешіт тиісті мемлекеттік тіркеуден өтпеген. Шет елден діни білім алып келіп, ел ішінде кереғар түсінік таратып жүрген дін мамандары бар. Осының бәріне жергілікті мемлекеттік қызметкерлер мен дәстүрлі дін жетекшілері көп ретте атүсті қараған.

Екі сағатқа созылған кеңес барысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған аймағы бойынша өкіл имамы Серікхан Ахмадиев, Панфилов ауданының әкімі Бердәулет Абдулдаев діни экстремизмге қарсы күрес бағытында атқарылған іс-шаралар жөнінде қосымша баяндама жасап, кеңеске қатысушыларға мол ақпарат берді. Басқосу барысында баяндамашылар мен жиынға қатысқан жауапты тұлғаларға көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауап берілді.

Семинар жұмысын облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қорытындылап, өңір белсенділерін діни экстремизм мен жат пиғылды ағымдардың әрекетіне бейжай қарамай, оларға жергілікті жерде батыл тойтарыс беруге, барша ағайынды елімізде ертеден қалыптасқан діни салт-дәстүрлеріміздің оңды дамуына үлес қосуға шақырды.

Добавить комментарий

Отправляя комментарий, Вы соглашаетесь с нашими правилами комментирования

Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика