+7 (7172) 308 571

Написать нам

Алматы облысының театр тарландары марапатталды

28.03.2017 14:15
Алматы облысының театр тарландары марапатталды

Талдықорғанда Халықаралық театр күні мерекесіне орай салтанатты кеш өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деп Шәкәрім ақын айтқандай, аталмыш мереке жылдағыдан өзгеше форматта өтті. Әдетте өнер майталмандары көрермендерге қойылым қойып, халықтың ыстық ықыласына кенелгенін көңілге медет тұтатын болса, биылғы мейрамды Голливуд жұлдыздарынан кем өткермеді. Мәселен, салтанатты кеш Бикен Римова атындағы облыстық драма театры ғимаратының алдына жайылған қызыл кілем де өнерсүйер қауым мен облыс басшылары ақ лимузиндерден түскен әртістерді қарсы алуымен басталды. Алдымен көш бастаған алдыңғы толқын бой көрсетсе, одан кейін орта буын және аудандық театр актерлері, соңын ала талантты жастар шеруі бой түзеп театр сахнасына беттеді.

Алғашқы сөз облыс әкімі Амандық Баталовқа берілді.

«Армысыздар, театр саңлақтары мен өнерсүйер қауым! Біз ұрпақты тәрбиелеуде, өткен мен бүгінімізді байланыстырып, болашаққа жарқын бағыт алу барысында, тарихымыз бен салт-санамызды қайта жаңғыртуда өнерге иек артамыз. Солардың ішінде театрдың орны ерекше екені анық. Бұл жолда әртістердің еңбегі ерен», – деген Амандық Ғаббасұлы, облысымызда театр ғимараты құрылысының қарқынды жүріп жатқанын, келер жылы өтетін Халықаралық театр фестиваліне дейін ел игілігіне беріліп қалатындығын айтып, сахна саңлақтарын төл мерекесімен құттықтады.

Одан кейін облысымыздың қоғамдық, саяси және мәдени өміріне белсене қатысып, халқына рухани азық болатын танымдық істері үшін театр әртісі Мұса Әжібеков пен театрдың қоюшы режиссері, көркемдік жетекшісі Назым Өтеулинова облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар, Ақсу халық театры, көксулық Мұқыры халық театры, Іле аудандық Ақши халық театры, Кеген халық театры мен Панфилов аудандық Дәнеш Рақышев атындағы халық театры Құрмет грамотасын иеленді.

Марапаттаудан кейін облыстық театр әртістері «Театр өмірінен бір сәт» атты шағын қойылым қойып көрермендердің көңілін көкжиекпен астастырғандай болды. Одан кейін облыстық Сүйінбай атындағы филармония өнерпаздарының, «Алтынай» би ансамблі бишілерінің және облыстық, аудандық театр әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт қойылды.

Кеш соңында сөз алған театр директоры Ғалия Темірбаева өнердің қамқоршысы болып жүрген облыс басшысына деген алғысын жеткізіп, жетісулық жұртты алдағы уақытта сахналанатын  қойылымдардан аз-кем хабардар етті. Театр тарландарына облыс әкімінің ықылас гүлі табыс етілді.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroidWindows

Яндекс.Метрика