Бөрліде берекелі іс көп

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
18.07.2017 в 22:13

Бөрліде берекелі іс көп

Бөрліде берекелі іс көп

«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасының жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдауды Батыс Қазақстан облысы көлемінде тек Бөрлі ауданы өз қаражаты есебінен жүргізіп келеді. Ал қалған 11 аудан республикалық бюджеттен бөлінетін трансфертке иек артып отыр, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау бес бағытта жүзеге асып жатқаны белгілі. Біріншісі, сумен  және газбен жабдықтау нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу. Соған орай 2013 жылы ауданның Пугачев ауылдық округіндегі Бесағаш ауылын сумен жабдықтау мақсатында насос сатып алынып, орнатылды. Оған аудандық бюджеттен 941,3 мың теңге бөлінді. 2015 жылы Бөрлі ауылында  инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүргізіліп, Қанай ауылындағы су құбыры қайта жаңартылды, Жанаталап ауылы сумен қамтамасыз етілді. Ал көшелерді  жарықтандыру мен көгалдандыру, иесіз қалған нысандарды бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтары, мал қорымдары полигондарын жайластыру, балалардың ойын алаңдарын орнату бағытындағы жұмыстар ауданның барлық дершлік ауылында жүзеге асты. Мәселен, 2013 жылы 16641,3 мың теңге 18 елді мекендегі көшелерге жарықтар өткізілді, бұл іс-шаралар келесі жылы да жалғасын тапты. 2014 жылы сондай-ақ 14 ауылдық округ аумағындағы елді мекендерді көгалдандыру, тұрғын үй қорын сақтау және қалдықтарды әкету, рұқсат етiлмеген қоқыс тастайтын жерлердi жою, иесiз қалған нысандарды бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар және мал қорымдары полигондарын жайластыру секілді жұмыстар атқарылды.

Жергілікті қазынада осынау жұмыстарға 27007,6 мың теңгеге қаражат қаралды. Сол жылы Ақсу, Александров, Березов, Тихонов ауылдарында балалардың ойын алаңдары орнатылды. 2015 жылы Киров, Кеңтүбек және Ақбұлақ ауылындағы сәбилер осындай қуанышқа кенелді. Ауылішілік  жолдарды және көпірлерді жөндеу деп аталатын үшіншісі бағытқа сәйкес Бөрлі, Жарсуат, Приурал, Пугачев, Березов ауылдарының жолдары реттелді. Су  қоймаларын тазарту, иесіз қалған су-техникалық құрылыстарын қалпына келтіру бойынша  2013 жылы қаралған 5586,1 мың теңге Қызылтал, Ақбулақ, келесі жылы 5273 мың теңгеге Александров, Тихонов ауылдарындағы бөгеттер жөндеуден өтсе, 2015 жылы дәл осындай жұмыстар Приурал, Березов, Киров, Успенов ауылдарында жүрді. Соның нәтижесінде ауыл маңындағы бөгеттер жаңа кейіпке еніп, қазір жаңбыр мен қар суларын ұстап қалуға өз септігін тигізуде. Соңғы, бесінші бағыт елді  мекендерді абаттандыру жөніндегі іс-шаралары былтыр «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасымен бірге 11 жоба іске асты. Сөйтіп ауданның көп ауылында ескерткіштер жаңартылып, парктер қоршалды. Кейбір елді мекендерге балалар ойын алаңдары орнатылды. Бөрлі аудандық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, оған республикалық бюджеттен 46,6 млн.теңге және аудандық бюджеттен қосымша қаржыландыру үшін 6,2 млн.теңге  бөлінді.

Биыл Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясындағы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға Бөрлі және Александров ауылдарын сумен қамтамасыз үшін су құбырлары тартылып жатыр. Аталмыш бағдарлама аясында аудандық қазынадан қаралған қаржыға Кентубек ауылында 50 орындық балабақша салынуда. Көп кешікпей Пугачев, Кеңтүбек, Қанай, Жарсуат ауылдарында 4 пәтерлік тұрғын үй бойкөтермекші. Ақбұлақ ауылына кіреберістегі 15 шақырым жолға қатты қиыршық тас төселіп, жөндеу жұмыстары жүруде. Сонымен қатар аудандағы даму әлеуеті жоғары болып саналатын Пугачев, Кеңтүбек, Жарсуат, Киров, Приурал ауылдарының бас жоспарлары дайындалуда.

Добавить комментарий

Отправляя комментарий, Вы соглашаетесь с нашими правилами комментирования

Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика