Қызылорда облысында кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт салынады

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
15.07.2017 в 13:18

Қызылорда облысында кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт салынады

Қызылорда облысында кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт салынады

Зауыт құрылысы жыл соңында басталады деп жоспарланған, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Құрылысты бастау  бұдан ертерек жоспарланған болатын, алайда, жоба бастамашысы тарапынан зауыттың өнімділік қуатын ұлғайту туралы шешім қабылданып, жобаға тиісті түзетулер енгізілуде. Қаржы көлемінің аз ғана ұлғаюы нәтижесінде (81 млрд-тан 87 млрд-қа дейін немесе 7,4%) жобаның жылдық өнімділік қуаты   200 мың тоннадан 300 мың тоннаға немесе 50%-ға көбеюде», — деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін облыстық мәслихаттың  ХІV сессиясында сөйлеген сөзінде.

Әкімнің айтуынша Үкімет аталған жобаны мақұлдап, жаңа зауыттың  инфрақұрылымын жүргізу үшін 2018 жылы республикалық бюджеттен  3,5 млрд. теңге бөлінетін болды.

Айта кету керек, бұл заманауи, әрі еліміздің барлық қажеттілігінің 75%-ын қамтамасыз ететін республикадағы бірден-бір кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт болмақ.  Бүгінгі таңда, кальцийлендірілген сода нарығын 100% импорттық өнімдер құрайды.

Добавить комментарий

Отправляя комментарий, Вы соглашаетесь с нашими правилами комментирования

Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика