Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында рухани жаңғыру орталығы бой көтереді — Қ.Көшербаев

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
15.07.2017 в 08:44

Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында рухани жаңғыру орталығы бой көтереді — Қ.Көшербаев

Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында рухани жаңғыру орталығы бой көтереді — Қ.Көшербаев Фото: Altyn-orda.kz

Сол жағалауда салынатын Қазақ Орталық Атқару комитетінің (КазЦИК) тарихи ғимаратында музеймен бірге Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыратын аймақтық Рухани жаңғыру орталығы қатар орналасатын болады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында жасаған баяндамасында мәлімдеді.

«Сол жағалауда салынатын Қазақ Орталық Атқару комитетінің (КазЦИК) тарихи ғимаратында музеймен бірге Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыратын аймақтық Рухани жаңғыру орталығы қатар орналасатын болады. Қазақ халқының өсіп-өркендеуіндегі арадағы бір ғасырлық уақыт осылайша бір-бірімен сабақтасып, рухани жалғасын таппақ», — деді облыс әкімі.

Сонымен бірге, Сырдария өзенінің сол жағалауынан  Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимараты бой көтереді.  Жаңа орталық жастардың жан-жақты даму  мәселелерімен айналысатын болады.

Облыс әкімінің айтуынша, «ЭКСПО-2017» халықаралық  көрмесі аясында Қорқыт Ата мемориалды кешенінде ашылған этноауылды бүгінгі таңда республика өңірлерінен ғана емес, Ресей, Голландия, Франция, Германия, Жапония, Польша сияқты шет мемлекеттерден де туристер келіп, тамашалауда. Қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен танысып қана қоймай, Қорқыт Ата туралы мәліметтер алуда. Бұл - Қызылорда облысын, Сыр елін, қазақ халқын шет мемлекеттерге танытуға бірден-бір мүмкіндік болмақ. 


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика