Жәнібектіктер «Ақ бұлақтың» игілігін көрмек

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
20.07.2017 в 15:06

Жәнібектіктер «Ақ бұлақтың» игілігін көрмек

Жәнібектіктер «Ақ бұлақтың» игілігін көрмек

Батыс Қазақстан облысындағы ең шалғай аудан – Жәнібекте су мәселесі өте өзекті. Ресейдің үш бірдей губерниясымен шектесетін аудандағы бұл мәселе кеңес заманы кезінде негізінен Волград пен Саратов облыстарындағы су көздері арқылы шешіліп келді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін көрші орыс ағайындар суды тегін беруді тоқтатты, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Екі елдің үкіметаралық деңгейдегі келісімдері негізінде су жеңілдетілген бағамен босталып жүрді. Соған орай тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында су Жәнібекке Волгоград облысынан вагонмен тасымалданып келді. Кейін көршілес Бөкей ордасы ауданы аумағынан құбыр тартылып, ауыз су мәселесі шешімін тапты. Ал былтырдан бастап «Ақ бұлақ» бағдарламасы ауқымында орда­лық топтық су құбырының аудан орталығындағы бөлігін жаңғыртып-жаңалау жұмыстары қолға алынды.

Жәнібек аудандық сәулет, қала құ­ры­лысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев тартылатын су құбырының жалпы ұзындығы 55 шақырымды құрайтынын айтады. Күні бүгін соның 20 шақырымнан астамы тартылған. Сондай-ақ осы шілде-тамыз айларында қысымды реттеуші құрылым алаңында жа­ңадан 50 текше метрлік су қысымды мұнара, қосымша 500 текше метрлік резервуар, насос­ты станса салынып, ескі резер­вуар жөнделмек. Құбыр тар­ту барысында аудан орталығының барлық тұрғын­ы таза сумен қамтылады. Сол сияқты бұрынғы су құбыр­­лары­на құдықтар қойылады. Ес­кір­ген су құралдары жаңарты­лып, трансформатор орнатылады.  

«Биыл құрылыс жұмыстарын 8 сәуірден бастадық. Бұйыртса, қыркүйек айының соңына дейін аяқтамақпыз. Бүгінгі күнге дейін құры­лысшыларымыздың күшімен 15 ша­қырым су құбыры жүргізіліп, 84 тұрғын үй ауыз сумен қамтылды. Алдағы уақытта 800 үйге ауыз су құбы­ры тартылып, ондағы тұрғындар таза сумен қам­та­ма­сыз етілмек. Ауыз су құбырын қайта құру жұмыстарына 19 адам тартылса, соның  төртеуі жергілікті тұрғын», — дейді мердігер компания - «Қаз­құрылыссервис» ЖШС басшысы Жандос Ақжігітов.

Биыл сондай-ақ осы аудандағы Қамыс­ты ауылында да ауыз су құбырын қайта құру жұ­мыстары жүруде. Тартыла­тын су құбырының жалпы ұзын­дығы 21 шақырымды құ­райды. Құбыр тартылып болған соң 316 тұрғын үй таза ауыз сумен қамтылмақ. Қазіргі кезде атал­ған ауылдың 8 шақырымына су құбыры жүргізілген.

Өткен жылы Ақоба, Талов ауылдарын таза сумен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен қар­жы бөлінген еді. Соған орай Ақоба ауы­лындағы ауыз су құбырының құ­рылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Қазіргі уа­қытта ол мемлекеттік сараптама­дан өткізілуде. Ал Талов ауылы­ның ауыз су құбырын қайта құ­­­­­ру жұмыстарына жобалық-сме­та­лық құжаттама дайындылып, ол да мем­лекеттік сараптамадан өту­де. Егер осы жобалар сәтті жүзеге асса, аудан тұрғындарының көпшілігі «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберіндегі «Ақ бұлақтың» игілігін көрмекші.

Добавить комментарий

Отправляя комментарий, Вы соглашаетесь с нашими правилами комментирования

Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика