Біріккен ұлттар ұйымының өкілдері Маңғыстауда

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
05.07.2017 в 20:31

Біріккен ұлттар ұйымының өкілдері Маңғыстауда

Біріккен ұлттар ұйымының өкілдері Маңғыстауда

Маңғыстау облысында Біріккен ұлттар ұйымының 7-ші көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Көшпелі отырыста Үстірт қыратының жануарлар мен өсімдіктер дүниесін кешенді түрде сақтау туралы сөз болды. БҰҰ-ның «Эко даму» шағын несиелер беру бағдарламасы бойынша 3 аймаққа 275 млн теңге бөлінген. Бұл сомма ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы іске асырылуда. 

Маңғыстауда аталмыш бағдарлама бойынша 30 жоба жүзеге асқан. Соның ішінде, Үстірт қорығындағы 4 шаруа қожалыққа 25 млн теңгеге 4 пайызбен шағын несие берілген. Ал, қалған 26-сы гранттық жобаға ілігіп, бизенсін өркендетуде.

«Кез келген жоба тұрақты болу керек. Кейін біз мониторинг жасаймыз. Оларды бір жерлерге Астанаға жібертіп оқытамыз. Басқа жоба шеңберінде, біз соларды қадағалап отырамыз. Себебі, олар 1 этапқа келгенде тоқтап қалуы мүмкін. Ол ниет емесе, тоқтайын деп тоқтамайды. Кейбір жерлерге білімі жетпей қалады, немесе бір тағы қолдау көрсетілуі керек деген сияқты», — дейді БҰҰ даму бағдарламасының биоалуандылық бойынша жоба менеджері Талғат Кертешев.

Көшпелі отырыстан соң, меймандар Құрық кентінен 30 шақырым қашықтықта орналасқан «Ербол» қожалығына келген болатын. 4 жыл бұрын толық іске қосылған қожалықта БҰҰ қолдауымен өткен жылы 5 гектарға жоңышқа егіліпті. Нәтижесінде, халықаралық ұйым 5 млн теңгеге жуық көмек көрсеткен. Оған магистралды құбыр, суаратын қондырғы мен тұқым алынған. Қожалық иесі жоңышқа жақсы шықса, төрт-түлікке таптырмайтын азық деп отыр.

Айта кетсек, «Даму» бағдарламасы аясында Қарақия ауданында бірнеше жоба іске асырылды. Мәселен, 5 мың бас малды сумен қамтамасыз ету үшін 8 құдық жөнделген. 5 гектар жерге жоңышқа егіліп, «Тұлпар» шаруа қожалығына жел мен күн сәулесі арқылы электр қуатын беретін қондырғылар орнатылыпты.

Добавить комментарий

Отправляя комментарий, Вы соглашаетесь с нашими правилами комментирования

Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика