Қызылорда облысында әуе көлігі инфрақұрылымы қарқынды дамып жатыр

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
01.08.2017 в 15:20

Қызылорда облысында әуе көлігі инфрақұрылымы қарқынды дамып жатыр

Қызылорда облысында әуе көлігі инфрақұрылымы қарқынды дамып жатыр

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында елімізде жолаушылар көлігі инфрақұрылымын дамытуды тапсырған болатын. «Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі» - деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Қызылорда облысында жолаушылар тасымалы инфрақұрылымы дамып келе жатқанын атап өткен жөн.

Облыстық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, өңірде әуе тасымалын дамыту мақсатында келесі жұмыстар атқарылды.

Жолаушылар тасымалы саласында:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы №1134 қаулысымен «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат берілді.

Осыған сәйкес, бүгінгі күні Қорқыт Ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 33 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 14, Алматы қаласына – 14, Қарағанды – 1 рейс, Ақтау-2 және Атырау-2 рейс.

2017 жылдың 6 айында әуежайдан 48,9 мың жолаушы тасымалданып, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105 пайызды құрады.

Әуе инфрақұрылымы саласында:

Облыс әкімдігімен бюджеттен тыс қаржы есебінен «Қызылорда қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы» жобасының сметалық бағасы 7,5 млрд. теңгені құрайтын мемлекеттік сараптамадан өткізілген техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Бүгінгі күні, Қызылорда қаласында жаңа әуежай терминалының құрылысы жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаның тұжырымдамасы әзірленіп, оң қорытындысы алынды. 

Бүгінгі күні, «ГЧП орталығы» серіктестігімен жобаның конкурс құжаттамалары және жеке әріптеспен жасалатын келісім шарт жобасы әзірленуде.

2017 жылдың 19 мамырында жеке әріптесті анықтау үшін конкурс өткізу туралы хабарландырулар жарияланды.

Қазіргі таңда, осы конкурсқа қатысуға «Нұр Астана Кұрылыс» және «High Vill Kazakhstan» ЖШС-інен ұсыныстар түсіп отыр. Сонымен қатар, «Shapoorji Pallonji Kazakhstan» ЖШС-і (Үндістан) мен «Марубэни» компаниясына (Жапония) жобаға қатысты ақпараттар (ТЭН, техникалық тапсырмалар, тұжырымдама) жолданды.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика