Теміржол жолаушылар тасымалдауы Қызылорда облысында дамуда

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
02.08.2017 в 20:28

Теміржол жолаушылар тасымалдауы Қызылорда облысында дамуда

Теміржол жолаушылар тасымалдауы Қызылорда облысында дамуда Фото: Tickets.kz

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында елімізде жолаушылар көлігі инфрақұрылымын дамытуды тапсырған болатын. «Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі» - деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Қызылорда облысында жолаушылар тасымалы инфрақұрылымы дамып келе жатқанын атап өткен жөн.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басщармасының хараблауынша, Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1055 км-ді құрайды. Бүгінгі таңда, облыс аумағынан 18 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде мемлекетаралық (Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясы) бағыттағы 6 жұп пойызы өтеді.

Облыс орталығынан 4 жұп №21/22 «Қызылорда-Алматы-Семей» № 55/56 «Қызылорда-Көкшетау», №75/76 «Қызылорда-Петропавловск» және №89/90 «Қызылорда-Астана» (Тальго) пойыздары ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, 2014 жылы «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы уақытша пайдалануға қосылғаннан кейін, 2016 жылдың наурыз айынан №617/618 «Қызылорда - Жезқазған» темір жол қатынастары ұйымдастырылып, Арал өңірінің темір жол бойында орналасқан елді мекендері аудан және облыс орталықтарымен байланыстырылып  отыр.

2017 жылдың 1 шілдесінен аптасына 5 күн (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі) жаңа «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызының алғашқы құрамы сапарға шығып, облысымыздың оңтүстік бағытындағы темір жол бойында орналасқан 26 елді мекен (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Түркістан және т.б.) көлік қатынасымен қамтылуда.

«Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолының Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты Сексеуіл стансасынан Қоскөл стансасына дейін жолдың қашықтығы 271,3 шақырымды құрайды.  Осы темір жол бойында 3 станса (Қарашеген, Абай, Аралық) және 10 бекетте (разъезд) (№№19, 18, 17, 16, 15, 14, 13, 12, 11, 10) өндірістік және техникалық ғимараттар, электр желілері және басқа да әлеуметтік нысандар салынуда.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика