Қызылорда облысында биыл жаңа автобус паркі мен автостанция салынады

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
20.07.2017 в 18:48

Қызылорда облысында биыл жаңа автобус паркі мен автостанция салынады

Қызылорда облысында биыл жаңа автобус паркі мен автостанция салынады

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында елімізде көліктік логистика мен жолаушылар тасымалын дамыту қажеттілігін ерекше атап өтті. «Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі» - дейді Ұлт Көшбасшысы. Осы орайда Қызылорда облысында жолаушылар тасымалы инфрақұрылымы дамып келе жатқанын атап өткен жөн.

Қызылорда облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, аймақтағы жолаушылар ағымы жыл сайын артып келеді.

Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында 2014 жылы бюджет қаражаты есебінен газ отынымен жүретін 20 қалалық автобус (Қытай) сатып алынса, 2014-2016 жылдары «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, Қызылорда қаласының әкімдігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жасалған үш жақты меморандумның негізінде 92 дана автобус алынды.

Сонымен қатар, көгілдір отын өңдейтін шағын станциясы бар жаңа автобус паркі салынуда. Бұл жоба шілде айында толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Жолаушы тасымалында тасымалдаушылар мен жолаушыларға диспетчерлік, ақпараттық, билет сату және тағы басқа қызметтер  көрсететін - автовокзалдар мен автостансалардың ролі үлкен.

Осыған сәйкес, облыстағы барлық автовокзалдар мен автостансаларға тексеру және талдау жұмыстары жүргізіліп, облыстық Тізілім (реестр) қалыптастырылып, 12 нысан: 2 автовокзал және 10 автостанса енгізілген.

Осы автовокзал мен автостансалар арқылы барлық автобус бағыттарына жолақы билеттерін сату ұйымдастырылған. 

Қазақстан Республикасының көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шиелі ауданының Шиелі кентінің жанындағы «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан «Тұлпар» ЖШС-мен автостанция құрылысы салынуда. Құрылыс жұмыстары 2017 жылдың соңында аяқталады деп күтілуде.

Добавить комментарий

Отправляя комментарий, Вы соглашаетесь с нашими правилами комментирования

Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика