Қызылорда облысында жыл сайын жолаушылар ағымы ұлғайып келеді

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
23.07.2017 в 22:15

Қызылорда облысында жыл сайын жолаушылар ағымы ұлғайып келеді

Қызылорда облысында жыл сайын жолаушылар ағымы ұлғайып келеді Фото: Кызылординские вести

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында елімізде көліктік логистика мен жолаушылар тасымалын жақсарту қажеттілігін ерекше атап өтті. «Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі» - дейді Ұлт Көшбасшысы. Осы орайда Қызылорда облысында жолаушылар тасымалы жыл сайын артып келетінің атап кеткен жөн.

Қызылорда облысы аумағында бүгінгі таңда 212 кент және аудан, елді мекендер мен облыс орталығын жалғайтын 211 тұрақты автобус қатынасы ұйымдастырылған.

Облыс орталығынан Астана, Алматы, Жезқазған, Шымкент, Түркістан, Сарыағаш және Жібек жолы (Черняевка) қалаларына облысаралық автобус маршруттары бойынша жолаушы тасымалдау қызметі көрсетілуде.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен жұмыстар жүргізіліп, ағымдағы жылдың ІІ-жартыжылдығынан халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі арқылы Ақтөбе қаласына маршруттар ашу көзделіп отыр.

Осы маршруттарда 30-дан астам заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің әр түрлі сыйымдылықтағы 1645 автобуспен 2 мыңға жуық жүргізуші облыс тұрғындарына тасымалдау қызметін көрсетуде.

Жылдан жылға жолаушылар ағымы шамамен 10 пайызға ұлғайып келеді. Нақты айтатын болсақ, 2016 жылы 335,5 млн. жолаушы тасымалданып, 2015 жылмен салыстырғанда 112,5 пайызға артып отыр.

2017 жылдың 5 айында 133,5 млн. жолаушы тасымалданса, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,6 пайызды құрап отыр. Ал жолаушылар айналымы 2482,4 млн. жолаушы/км. құрап, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,3 пайызды құрап отыр.

Сонымен қатар, облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, кейбір елді мекендерден шығатын автобустардың жолаушылар санының аздығынан және жол сапасының нашарлығынан тасымалдаушылардың шығындарын ақтамайтын маршруттар бар. Осындай 11 маршрут әлеуметтік маңызы бар маршруттар қатарына жатқызылып, облыстық бюджет есебінен субсидия беріліп (2016 және 2017 жылдарға – 17,7млн.тг.) келеді.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика