Қызылордада сол жағалаудан жастарға қызмет көрсететін орталық ашылады

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
25.07.2017 в 16:31

Қызылордада сол жағалаудан жастарға қызмет көрсететін орталық ашылады

Қызылордада сол жағалаудан жастарға қызмет көрсететін орталық ашылады

Елбасы Н.Ә.Назарбаев қашан да жастарға ерекше қамқор танытады. Мәселен, биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Мемлекет басшысы «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Қызылорда облысында да жастарды қолдау бойынша қарқынды жұмыс жасалуда, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Үстіміздегі жылы аймақ басшысының қолдауымен, демеушілер есебінен Сол жағалаудан «Жастарға қызмет көрсету орталығының» ғимаратын салу қолға алынуда. Жыл соңына дейін аталмыш Орталықты іске қосу жоспарлануда. 
Жастар орталығы «бір терезе» қағидатымен жұмыс жасап, онда 20 бағытты қамтитын секциялар ашылады. 

Облыс бойынша 65 жастар ұйымы тіркелген, қазіргі таңда оның 42-сі белсенді жұмыс атқарады. 2016 жылы облыста заңды тұлға ретінде тіркелген 1 жастар ресурстық орталығы болса, үстіміздегі жылы олардың саны 9 құрады. Байқоңыр қаласында облыстық орталықтың бөлімшесі жұмыс жасайды. Барлық жастар ресурстық орталығының қызметін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 167 млн. 692 мың теңге. Қызметкерлердің саны 82. 

2017 жылы жастар саясатын жүзеге асыруға 515 млн. 754 теңгеге жуық қаржы қарастырылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 40 пайызға артқан. Барлығы 43 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның 26-ы қала және аудандық деңгейде іске асуда. Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан күндізгі бөлімде білім алатын 3 214 студентке қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге облыстық бюджеттен 109 млн.070 мың теңге қаржы бөлінді. 2016 жылы 95% мектеп түлектері колледждер мен ЖОО-да білім алуда. Қызылорда облысынан «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 3000 аса студент жоғары және орта білім беру мекемелерінде оқуда.

Сонымен қатар, Ресей Үкіметінің білім гранттары негізінде Мәскеу және Санкт-Петербургтің беделді жоғары оқу орындарында 419 түлек білім алуда. 2013 жылдан бастап облыс әкімінің бастамасымен халықтың осал топтарынан шыққан 512 студентке облыс әкімінің білім гранты тағайындалды.

Жыл басынан облыстық жастар ресурстық орталығымен жастарды жұмыспен қамту бойынша 19 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Жұмыспен қамту орталықтар тарапынан 52 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, облыста 587 жұмыс берушілерден 2286 бос жұмыс орны ұсынылды, оған 2211 жас қатысып, 1716 тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика