Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
26.07.2017 в 21:02

Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов алғаш рет бір топ делегация мүшелерін бастап, Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Іссапар аясында Асқар Мырзахметов аймақтың бірқатар ауыл шаруашылық нысандарын аралап, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселелерін талқылады.

Жұмыс сапары алдымен Түпқараған ауданындағы жасанды жолмен балық өсіретін бекіре фермасынан басталды. Аталған ферма 2014 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында іске асырылған. Ферма қуаты жылына 60 тонна. «ҚазОсетр» ЖШС жылына 60 тонна бекіре балық еті, 1 тонна уылдырық және 100 мың дана бекіре тұқымдас балықпен халықты қамтамасыз етеді

Министр облыстық әкімдікте шаруалармен жиналыста болып, төрағалық етті. Жиынға орталық мемлекеттік органдарының өкілдері, қаржылық қолдау институттары басшылары, Маңғыстау және Атырау облыстарының жергілікті атқарушы орган өкілдері, «Атамекен» ҰҚП, бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

Жиын барысында аймақ басшысы Ералы Лұқпанұлы Елбасы тапсырмаларының жүзеге асырылып жатқандығын, өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының жай күйі туралы айтты. «Қазіргі таңда өңірде ауыл шаруашылығы кешені саласында 8 қайта өңдеу кәсіпорны жұмыс жасайды. Біздің өңірімізде негізінен ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс және бақшалық, балық, ұн өндіріледі. Облыс халқы 1 сұрыпты ұнмен толық қамтылып отыр. 2016 жылы - 5 және 2017 жылы - 6 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды» – деп, 2017-2018 жылдарға қайта өңдеу саласында жүзеге асырылатын ірі жобаларды таныстырды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері сала бойынша баяндама жасап, сұрақ-жауап форматында шаруалардың барлық көкейкесті сауалдарына жауап берді.

Отырыста Асқар Исабекұлы шаруашылықты дамытудың жаңа бағдарламасының басты басымдығы – ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту екендігін атап өтті. Сондай-ақ, саланы қосымша қаржыландыру бойынша қабылданатын шаралар, субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша шаралар және агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялық тартымдылықты арттыру туралы мәлімдеді.

Өз сөзінде министр Ералы Лұқпанұлына алғысын білдіріп, облысымыз тек мұнай саласында ғана емес, ауыл шаруашылық саласында да қарқынды дамып келе жатқандығын айтты.

Жұмыс тобы одан әрі Ақтау теңіз солтүстік терминалы мен Ақтау теңіз портындағы Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан «Ақ Бидай-Терминалы» акционерлік қоғамының астық терминалына ат басын бұрып, жұмыс барысымен танысты.

Ақтау теңіз солтүстік терминалы экспорт-импорт өсімін арттыруға және Қазақстан мен Орталық Азия елдері өнімдерін Ақтау порты арқылы Кавказ маңы, Парсы шығанағы елдеріне және Ресей Федерациясына жеткізуге бағытталған. Терминалда 5000- контейнер мен 170000 тоннаға дейін негізгі жүкті сақтауға болады. Айлақ жылына 3 млн тонна құрғақ жүк тиеп, тасымалдап отыр. «Ақ Бидай-Терминалы» АҚ жобалық қуаттылығы жылына 600 мың тонна бидайды, Ақтау теңіз солтүстік терминалы ЖШС-нің жылдық қуаттылығы 1,5 млн тонна астық пен 1,5 млн тонна жүкті құрайды.

Өңірдегі жетекші кәсіпорындарының жұмысымен танысқан делегация мүшелері аймақтағы шаруашылықтың даму қарқыны зор екендігін атап өтті.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика