Малайзиялық компания Маңғыстауға 1 млрд долларға дейін инвестиция құюға дайын

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
12.07.2017 в 20:49

Малайзиялық компания Маңғыстауға 1 млрд долларға дейін инвестиция құюға дайын

Малайзиялық компания Маңғыстауға 1 млрд долларға дейін инвестиция құюға дайын

Бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында өтіп жатқан «Малайзия-Қазақстан» бизнес форумында Маңғыстау облысының әкімдігі мен малайзиялық «Reach Energy Berhad» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Құжатқа Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «Reach Energy Berhad» компаниясының бас директоры Шахул Хамид Мохд қол қойды.

«Reach Energy Berhad» компаниясы алдағы жылдары Маңғыстау облысының мұнайгаз, инфрақұрылымдық жобалар, құрылыс электр энергетикасы, сумен қамтамасыз ету, туризм сынды салаларына малайзиялық компаниялардан 500 млн. доллардан бастап 1 млрд. долларға дейін инвестиция тартуға қолдау көрсететін болады. Ал облыс әкімдігі болса, өз тарапынан малайзиялық компанияға инвестицияны қорғау мәселесінде, әр түрлі бағытта ынтымақтастық етуге қолдау көрсететін болады.

«Reach Energy Berhad» компаниясы 54 мұнай және газ ұңғымасын өңдіреді, ал 2026 жылы олардың санын 88-ге көбейтуді жоспарлап отыр. Маңғыстау облысын қолдау аясында, газ өңдейтін және мұнай саласында метанол шығаратын зауыт пен электрстанция салу компанияның жоспарында бар.

«Бүгінгі меморандумға қол қою екі ел- Қазақстан мен Малазияның  әлеуметтік-экономикалық даму қарым-қатынасындағы тағы бір маңызды кезеңі болып саналады. Шараға Малайзия үкіметінің 90-нан астам делегаты қатысып отыр. Алдағы уақытта екі  елдің компаниялары арасында өзара ынтымақтастық туралы бірнеше келісімшарттар жасалады деп ойлаймын», – дейді Малайзияның Халықаралық сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Ахмад Хаджи  Маслан.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика