Маңғыстаудағы туризмді дамыту мәселесі қаралды

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
21.07.2017 в 15:07

Маңғыстаудағы туризмді дамыту мәселесі қаралды

Маңғыстаудағы туризмді дамыту мәселесі қаралды Фото: tourism.mangystau.gov.kz

Облыстық маслихаттың кезекті сессиясы өтті. Жиында аймақтағы туризмді дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Маңғыстау облысында туризмді дамыту – аймақтағы перспективалық бағыттардың бірі болып табылады. Ыңғайлы географиялық жерде орналасқан Маңғыстау облысы Каспий теңізінің жағасындағы жалғыз аймақ болып табылады. 2016-2020 жылдарға арналған Маңғыстау облысын дамыту бағдарламасына сәйкес облыстағы туризм саласын дамытудың стратегиялық жоспары бекітілді.

Туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжаунова атап өткендей, туризм басқармасының негізгі міндеттері: туристік қызметті дамытуды қамтамасыз ету, туристік қызметтердің сапасын көтеруді қамтамасыз ету, Маңғыстау облысының туристік өнімін ілгері жылжыту. 

Облыстық маслихаттың сессиясында туризмді дамыту ұсыныстарымен облыстық маслихаттың депутаты Дмитрий Клинчев сөз сөйледі.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов сөз сөйлегендерді қолдап, туризмді дамыту мәселесіне жан-жақты қарау керек екенін атап айтты. Бұл қызмет ету сервисінің жақсаруы, облысымыздың тарихи-мәдени ескерткіштеріне саяхаттар, демалыс үйлері мен сауықтыру орталықтары құрылысының ірі жобаларын іске асыру.

Айта кетсек, Қазақстанның туристік саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ – Маңғыстау облысы. Бұл жер шөл даланың керемет ландшафтарының барлық түрін, қарт Каспийдің көкшіл суы мен шексіз құмды жағажайын, көшпелі сәулет өнерінің жарқын да, қайталанбастай үлгілерін, қазақтың алғашқы қауымдық дәстүрлі мәдениетін өзіне сіңіріп алған. Маңғыстауда туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі – өлкенің экономикасын дамыту. Бүгінгі таңда осы сала қызметін тұтынушылардың әлемдік нарығында облыстың туристік ресурстарын белсенді насихаттаудың аса өзекті мәселелері кун сайын қарастырылып жатыр.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика