«Бастау Бизнес» жобасы Маңғыстау облысында қарқынды жүзеге асырылуда

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
25.07.2017 в 13:39

«Бастау Бизнес» жобасы Маңғыстау облысында қарқынды жүзеге асырылуда

«Бастау Бизнес» жобасы Маңғыстау облысында қарқынды жүзеге асырылуда Фото: inform.kz

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қызметі аясында «Бастау Бизнес» пилоттық жобасы Маңғыстау облысы бойынша Жаңаөзен қаласы және Мұнайлы ауданында 2016 жылдан бастап жүзеге асырыла бастаса, 2017 жылдан бастап Түпқараған, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия аудандарында жалғасын табуда.

Жобаның басты мақсаты-ауылдағы жұмыссыз жүрген және кәсібін жаңадан бастайтын адамдарға кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерту. Оқу тегін жүргізіледі, мерзімі бір ай. Оқыту әр аудан бойынша алты кезеңде өткізіледі.

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бірінші және екінші кезең Құрық ауылындағы кәсіптік колледждің информатика кабинетінде өткізілді. Жобаға ниет білдіріп сынақ тапсырғандар саны 52 адамды құраса, оның ішінде сертификат алғандар-37, бизнес-жоспарын қорғағандар саны-28 адам болды. Бизнес-жоспардың толық сомасы 70 миллион теңгені құрайды. Бизнес-жоспарда қаралған тиісті қаражат игерілген жағдайда Құрық ауылы бойынша елу-алпыстай адам тұрақты жұмыс көзімен қамтылады. Бизнес-жоспарын қорғаған адамдар сауда-саттық, мал шаруашылығы, өндіріс, қызмет көрсету салаларында еңбектенетін болады.

Үшінші кезең бірінші шілде күні Мұнайшы ауылында басталды. Жобаға ниет білдірген тыңдаушылар саны 43 адам. Осы оқуды тиісті деңгейде ұйымдастыруға Мұнайшы ауылы аппаратының мамандары көмек көрсетті. Төртінші кезеңді Жетібай ауылында өткізу жоспарланып отыр. Оқу жөнінде арнайы жиналыс өткізіліп, қатынас қағаздары жолданғанымен күні бүгінге дейін нақты тыңдаушылар тізімі «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына берілмей отыр.

Қалған бесінші және алтыншы кезеңнің қайда өткізілетіндігі Құрық, Мұнайшы және Жетібай ауылдарындағы тыңдаушылардың жиналуына байланысты ұйымдастырылады. Тыңдаушылардың жиналуына ауылдың әкімдері және жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері тікелей жауапты болып табылады.

Жалпы осындай оқулар үкімет тарапынан бұрын-соңды ұйымдастырылмаған. Бүгінгі таңда бар-жоғы бір айдың ішінде жан-жақты кәсіби білікті маман, өзіңе сенімді кәсіпкер болып қалыптасуыңа толық жағдай жасалынған. Осы жоба аясында жан-жақтан шақырылған  бизнес-жаттықтырушылар бойындағы бай тәжрибелерімен бөлісуден аянып қалмайтындағы шындық.

Добавить комментарий

Отправляя комментарий, Вы соглашаетесь с нашими правилами комментирования

Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика