Қолөнер шеберлерінің одағы Маңғыстауда ашылды

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
20.07.2017 в 11:57

Қолөнер шеберлерінің одағы Маңғыстауда ашылды

Қолөнер шеберлерінің одағы Маңғыстауда ашылды

Аталмыш ассоциацианың ашылуы Маңғыстау облысының этно-туризмінің дамуына өзіндік үлесін қосады, дейді «Маңғыстау облысының қолөнер шеберлері одағының» президенті Әуес Сағынаева.

«Осы кәсібіміздің арқасында бірнеше рет шетелге барып келдім. Өзге елдерде қолөнердің қалай дамып жатқанын, кәсіпкерлерге қалай қолдау көрсететінін көріп жүрмін. Сондықтан осы Маңғыстауда да қолөнерді дамытып, оны биікке көтерсек деген арманым бар еді. Біздің шеберлеріміз әртүрлі бұйымдар жасаумен айналысады. Соңғы кезде жүннен бұйым жасау үрдіске айналып кетті. Мен өз білгенімді, жиған тәжірибемді осы Маңғыстау шеберлеріне үйретіп, жалғастырып келемін деп айтсам да болады. Қазір үйренгісі келетін жастардың қарасы біршама. Оған да көңіл бөлуіміз керек. Алдағы уақытта уақытта тренингтер мен мастер-кластар өткізіп, көрме-жәрмеңке ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Өз бұйымдарымызды шетелге шығару да алдағы мақсаттың бірі», — деді Ә.Сағынаева.

Оның айтуы бойынша, халқымыздың ежелгі киіз басу, зергерлік бұйым жасау, кілем тоқу, ұлттық музыкалық аспаптар дайындау т.б. өнерін қолөнер шеберлері одағы жаңғыртатын болады. Олардың өз елімізде ғана емес, халықаралық деңгейге шығуына ықпал ететін болады.  Тамыз айында Экспо-2017 халықаралық көрмесіне жиырма шақты шебердің аттанып, бұйымдарын ұсынуын осының бастамасы деуге болады. Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова қолөнершілерге барлық қолайлы жағдай жасалатынын да айта кетті.

«Қолөнер шеберлерінің одағы ең алғаш Маңғыстауда ашылып отыр. Бұған мұрындық болған іскер әйелдер қоғамдық қоры кеңесінің Сәуле Халелқызы. Қолөнершілеріміз үйінде отырып небір түрлі бұйымдарды тігіп, жасап шығарады. Бірақ оны қайда апарырын білмейді, тұтынушылар да бейхабар. Сондықтан шеберлердің басын қосып, бір жерге топтастыруды көздедік. Неге ұлттық өнерімізді дамытып, шетелге шығармасқа? Біздің Маңғыстаудың қолөнері өте керемет. Оны неге дамытпасқа? Шетелден келген туристерге дәстүрімізді, салтымызды, біздің қалай жүн сабап, өрмек тоқып жатқанымызды, киіз басқанымызды көрсететін болсақ, міне, керемет», – деген қауымдастық президенті Әуес Сағынаева.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика