Астанада Қызылорда облысының күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
07.08.2017 в 19:30

Астанада Қызылорда облысының күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді

Астанада Қызылорда облысының күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді

Үстіміздегі жылдың  12-13 тамыз күндері «ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Астана қаласындағы Қызылорда облысының мәдени күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер мен жарыстар өтеді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Атап айтсақ, «Қазанат» атшабарында қыз қуу, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, ат үстіндегі өнер, қазақы тұқымды тазылардың көрсетілімі өткізілсе, этноауыл аумағында тоғызқұмалақтан, асық атудан және қазақ күресінен «Түйе палуандар» сайысы ұйымдастырылады.

Жарыстарға аударыспақтан ҚР жеңімпаздары Әбдінасредин  Файзулла, Серік Әмірсейіт, күміс жүлдегер Серік Ғабит, қола жүлдегер Мұратхан Қуандық, бірнеше дүркін жүлдегер Ерсұлтан Исабек, жамбы атудан ҚР алғашқы чемпионы, теңге ілуден ҚР бірнеше дүркін жүлдегері  Жарқынбек Алмағанбетов, жамбы атудан ҚР күміс жүлдегері Бекқали Өзденбаевтар  қатысады.

Қазақ күресінен биылғы жылдың Қазақстан барысы атағын жеңіп алған Еламан Ерғалиев, ҚР чемпионы, самбодан Азия чемпионы Мақсат Исағабылов, ҚР чемпионы Нұрым Сәлімгереев, ҚР чемпионатының күміс жүлдегерлері Марат Баймаханов пен Жайдар Есеновтер «Түйе палуандар» сайысында облыс намысын қорғайды.

Сондай-ақ, тоғызқұмалақтан жастар арасында ҚР чемпионы Ұлдана Махамбетамин, асық атудан ҚР чемпионатының командалық есепте қола жүлдегерлері Азамат Көбелов,  Әйгерім Сәрсенбаева, Самат Керімбердиев және Қуаныш Қармысбаевтар  сайысқа түседі.

Комментарии  

Аман
0 Аман 10.08.2017 в 12:21
Ұлттық ойындарымыздың осындай ауқымды іс-шаралардан көрінуі бойымызда мақтаныш сезімін тудырады!
Ответить
Бектас
0 Бектас 22.08.2017 в 21:27
Осындай шараларды солтүстік аймақтарда көбейту керек. Құлақ ақырындай үйрене берсін. Ұлттық нақышта жүргізіліп жатқан шаралар жамандықты насихаттамайды.
Ответить

Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика