Астанада Қызылорда облысының мәдениет күндері басталды

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
10.08.2017 в 16:23

Астанада Қызылорда облысының мәдениет күндері басталды

Астанада Қызылорда облысының мәдениет күндері басталды

Бүгін, 10 тамыз күні, «Қазанат» ипподромы жанындағы этноауылда Қызылорда облысының мәдениеті күндері ашылды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Онда қолданбалы өнер шеберлерінің, сондай-ақ шежіресі» атты аймақ тарихы мен мәдениеті көрмесі өтуде.

«Қызылорда өңірі бүгінгі мәдени күндерге лайықты тарту-таралғымен келіп отыр. Оның бір көрінісі «Қазанат» ипподромында ашылғалы тұрған «Сыр шежіресі» атты Сыр елі қолөнер шеберлерінің және облыстық тарихи-өлкетану мұражайы экспонаттарының көрмесі. Сондықтан да осы көрмеге біздің қолөнер шеберлері өздерінің лайықты туындыларымен келіп отыр деп айта аламыз. Өйткені өздеріңіз білесіздер, сырын бойына бүгіп жатқан Сыр өлкесі бір қарағанда табиғаты жұтаң болғанмен, өнер, шығармашылық тұлғаларына ешқашан кенде болған емес. 1926-2928 жылдары Қызылорда қаласы алғаш астана болған кезде ең алғашқы кәсіби көрме ұйымдастырылды. 1928 жылы алғашқы көшпелі көрме де Қызылорда қаласынан қазақ даласына сапарға шыққан екен. Сонымен бірге қазақтың кәсіби театры да шымылдырығын Қызылорда қаласынан ашқан сәтте сол театрдың алғашқы кескіндемешісі болған Ләтипа Мұңайтпасова да Сырдың тумасы. Қолөнер шеберлерлерінің Қызылорда облысында салынған сара жолы бар. Сол жолды бүгінгі шеберлер лайықты жалғастырып келе жатыр. Бүгінгі көрме 10 күн бойы барша туристерге, қала тұрғындары мен қонақтарына тиімді бағада ұсынады деп ойлаймыз. Қызылорда облысы Елордадағы осындай сый-құрметімен келіп отыр»,― деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.

Көрмеде облыстық тарихи-өлкетану музейінің Сыр елінің бай мәдени мұрасы мен асыл қазынасынан сыр шертетін экспонаттары ұсынылады. Мұнымен қоса, 25 сәндік-қолданбалы өнер шеберлері «Шығыс базары» жәрмеңкесінде өз өнімдерін ұсынады. Сондай-ақ мұнда зергерлік бұйымдар мен киіз өнімдерін жасау, сүйек өңдеу мен тоқыма тоқудан шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Көрме 20 тамызға дейін жалғасады.
Бүгін сағат 19.00 де Максим Горький атындағы академиялық драма театрында Иран Ғайыптың «Қорқыт» спектаклі көрсетіледі. Спектакль қойылымына автордың өзі де қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астанада 10-14 тамыз аралығында Қызылорда облысының мәдени күндері өтеді. Шара аясында тарихи-өлкетану және қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, спектакльдер мен концерттер, сондай-ақ Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, халықаралық ғарыш станциясындағы 52-ші экспедиция экипажы көрмеге келушілермен байланысқа шығып, Астана тұрғындары мен қонақтарына ғарыштан сәлем жолдайды.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика