Астанада Қызылорда облысының күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
14.08.2017 в 13:47
Написать нам в WhatsApp

Астанада Қызылорда облысының күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті

Астанада Қызылорда облысының күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті

12 тамыз күні «ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Астана қаласындағы Қызылорда облысының мәдени күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер мен жарыстар өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Қазанат» атшабарында қыз қуу, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, ат үстіндегі өнер, қазақы тұқымды тазылардың  көрсетілімі өткізілсе, этноауыл аумағында тоғызқұмалақт, асық атуд және қазақ күресінен «Түйе палуандар» сайысы ұйымдастырылды.

Асық ату сайысына Астана қаласы, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысты. Нәтижесінде бірінші орынды Астана қаласының №24 орта мектебі топ жарды.  Екінші орынды Қызылорда облысы, үшінші орынды Астана қаласының командалары еншіледі.

Тоғызқұмалақ ойынында қыздар арасында 1-орынды Гүлнара Базаралиева, 2-орынды Құндыз Есіркеп (екеуі де Астана қ.), 3-орынды Ұлдана Махамбетәмин (Қызылорда) иеленді. 

Ұлдар арасында астаналықтар Арыстан Манарбекұлы жеңімпаз атанса, Әлішер Танхаев екінші, қызылордалық Ырыскелді Кенжебек үшінші орындарға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Қазақ күресінен өткен «Түйе палуандар» сайысына Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 17 палуан қатысып, үздіктер анықталды.

Қарағандылық Ержан Шынкеев «Түйе палуан» атанып, оған 700 мың теңге көлемінде сертификат табысталды. Екінші орынды Маңғыстау облысының палуаны Нұрдәулет Жарылғапов алса, үшінші орын астаналық Дәулет Бижановтың еншісінде болды. Екінші орынға – 500 мың теңге, үшінші орынға  - 200 мың теңгенің сертификаттары берілді.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика