Қызылордалық шахматшы Әсел Серікбай Астанада бір мезгілдік сеанс өткізді

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
15.08.2017 в 11:18

Қызылордалық шахматшы Әсел Серікбай Астанада бір мезгілдік сеанс өткізді

Қызылордалық шахматшы Әсел Серікбай Астанада бір мезгілдік сеанс өткізді

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қызылорда облысының мәдени күндеріне орай  орталық шахмат клубында Әсел Серікбай 12 тақтада бір мезгілдік сеанс өткізді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Оған Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысып, алғашқы жүрісті бастап берді.

Сеансқа Астана қаласы мен Қызылордадан 12 шахматшы қатысты. Олардың екеуі қызылордалық, қалғаны Астана қаласының шахматшылары. Сыр елінен қатысқан спортшылар Дінасыл Ғалымжанұлы мен Нұрмұхаммед Бұхарбай №2 «Мұрагер» мектебінде оқиды.

Ә.Серікбай – шахматтан облыс тарихындағы алғашқы ФИДЕ шебері. Жасөспірімдер және жастар арасында 8 дүркін Қазақстан чемпионы, жасөспірімдер арасында 3 дүркін Азия, оқушылар арасында 2 дүркін Әлем чемпионы. Айта кетейік, Әсел осымен екінші мәрте сеанс өткізді.


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика