Астанада Маңғыстау күндері аясындағы инвестициялық кездесу өтті

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
16.08.2017 в 16:17
Написать нам в WhatsApp

Астанада Маңғыстау күндері аясындағы инвестициялық кездесу өтті

Астанада Маңғыстау күндері аясындағы инвестициялық кездесу өтті

Астанадағы Маңғыстаудың мәдениет күндері аясында  ЭКСПО алаңында орналасқан «Kazakh Invest» павильонында инвестициялық кездесу өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан  халқына Жолдауында Қазақстан шетел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын сақтап қалу қажеттілігінің маңыздылығын атап өткен болатын. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Маңғыстау облысында шетел инвесторларын тарту бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Бүгін Астанадағы Маңғыстаудың мәдениет күндері аясында  ЭКСПО алаңында орналасқан «Kazakh Invest» павильонында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың, бірнеше министрліктер мен 10-нан астам елдің елшілерінің қатысуымен инвестициялық кездесу өтті. Шара аясында өңір басшысы Маңғыстау облысының инвестициялық потенциалы туралы баяндады.

 «Елбасы алға қойған міндеттерді іске асыруда, соның ішінде инвестиция тарту бағытында Маңғыстау облысында қол жеткен жетістіктер баршылық.Бүгінгі таңда облыстың инвестициялық портфелінде  жүзеге асып жатқан 49 жоба және 2 млрд. АҚШ доллар сомасына бірнеше жобаны іске асыру көзделген. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы іске қосылғаннан бері 74 млрд.теңге инвестиция тартылып, 231 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Бюджетке 19 млрд.теңге көлемінде салықтар төленді. Аймақта 12 мекеме белсенді қызмет етуде және мыңнан астам жұмыс орнын құрылды. Осы орайда Маңғыстау облысының әлеуеті зор, келешегі келісті деп білемін. Оған бірнеше себеп бар», – деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Басқосу аясында Маңғыстау облысы әкімдігі мен бірнеше шетелдік компаниялар арасында меморандумға қол қойылды. Мұнайлы Маңғыстау қытайлық инвесторлармен экономиканың сан түрлі саласында  сенімді серіктестік орнатып келеді. Мәселен, теңіз инфрақұрылымын дамыту және жел стансалары құрылысы жобасы бойынша «SANY Group» мекемесімен облыс әкімі Ералы Тоғжанов меморандумға қол қойды.

Ал, «СITIC Group Corporation» корпорациясының өкілдері Маңғыстау облысы Қаражанбас кенорнында су тұщыту зауытын салу жобасын іске асырмақшы. Осы мақсатта өңір басшысы Ералы Тоғжанов пен шетелдік компания басшысы арасында екі жақты меморандумға қол қойды.

Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов Италия елінің өкілімен Лонига қаласы арасында бауырластық жөніндегі келісімге қол қойды. Мақсат ― қос қаланың мәдени салада байланыстарын нығайтып, туризм және әлеуметтік-экономикалық салалардың дамуына ықпал ету, тәжірибе алмасу.

Сондай-ақ, облыс әкімі Фин елінің «Варсила» мекемесімен Маңғыстауда 250 мегаваттық электрстанциясын салу жөнінде келісім шартқа қол қойды.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика