Астанадағы Маңғыстау күндері этноауылда жалғасын тапты

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
17.08.2017 в 23:33

Астанадағы Маңғыстау күндері этноауылда жалғасын тапты

Астанадағы Маңғыстау күндері этноауылда жалғасын тапты

Астанадағы Маңғыстаудың мәдениет күндері аясында «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде этнографиялық театрландырылған мәдени шара өтті. Оған Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхаммедиұлы арнайы келді.

Маңғыстау көші театрландырылған көрініспен басталды. Онда ақындар арнауын айтып, көрерменге керемет қойылым  ұсынды. Сонымен қатар, шараға Маңғыстау облысындағы этно-мәдени бірлестік өкілдері де қатысты. Әр ұлыс өзінің ерекшелігімен, киімімен көріністің ең ерекше бірі болды.  

Сондай-ақ, этноауылдың атшабар алаңыңда спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Арнайы тігілген киіз үйлерде маңғыстаулық дәм ұсынылды. Облыстың өлкетану мұражайының көрмесі, Маңғыстаулық қолөнер шеберлерінің ашық жәрмеңкесі де өтті.

«Мен осындай тәуелсіз елде ЭКСПО көрмесі сияқты ауқымды шараның өтіп жатқанына қуаныштымын. Әрине, бұл - Елбасымыздың сарабдал саясатының, елімізде орнаған бейбітшілік пен халықтар арасындағы келісім пен бірліктің арқасында деп ойлаймын. Осы мамандандырылған көрме аясында еліміздің барлық облыстары өздерінің жеткен жетістіктерін көрсетіп жатыр. Қаймағы бұзылмаған, маңғаз Маңғыстаудың мәдениет күндеріне куә болып, керемет әсердемін. Барлығы тамаша», — деді  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов. 

Сонымен қатар, этноауылда Маңғыстаулық «Отпан» фольклорлық ансамблінің концерті, Достық үйінің арнайы бағдарламасы, «Жорға» халықтық би ансамблі мен Тамара Асардың концерті қалың көрермен назарына ұсынылды.  


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика