Елордада Маңғыстаудың мәдениет күндері басталмақ

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
14.08.2017 в 19:30
Написать нам в WhatsApp

Елордада Маңғыстаудың мәдениет күндері басталмақ

Елордада Маңғыстаудың мәдениет күндері басталмақ Фото: Today.kz

15-18 тамыз Астана қаласында Маңғыстаудың мәдениет күндері өтеді.  Облыстың мәдениет күндері 15 тамыз күні сағат 21:30-да ЭКСПО алаңындағы амфитеатрда басталады. Қарт Каспий елінің 38 мәдени шарасына 567 өнерпаз қатысады деп күтілуде.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов ашылу салтанатына қатысып, маңғыстаулық өнер иелері А.Қосанова, Т.Асар, К.Жолдыбаева, Ғ.Жолдасбай, Л.Жолдасовтардың концертімен жалғасады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақовтың қатысуымен өткен баспасөз конфренциясында белгілі болды.

«Маңғыстаудың шұбаты мен балқаймағы елімізде брендке айналды. Облысымыздың күндері аясында келген әрбір қонақ Маңғыстаудың мәнерімен сәнделген киіз үйдің ішінде дәм татып, өңірге тән күмістен жасалатын бұйымдарды көре алады», — деп атап өтті Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Пәния Сармурзина.

Сонымен қатар, өңірдің қылқалам шеберлерінің жұмыстары көрмеге қойылады. Ал, 16 тамызда «Шабыт» шығармашылық сарайында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтың «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтеді. 17 тамыз күні сағат 16:00-де Этно-ауылда этнографиялық театрландырылған мәдени шараның ашылуы мен ұлтық салт дәстүр, ұлттық спорттық ойындарына қатысатын 273 өнерпаздың өнерін тамашалауға болады.  Сондай-ақ, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының «Шыңырау» спектакльі 18 тамыз күні сағат 19:00-де  жоспарланған.

15-18 тамыз аралығына жоспарланған Маңғыстау облысының мәдени күндері Этно-ауыл аймағында  20 қолөнер шеберінің 233 кәсіби ұжымы мен әртістерінен құралған топтың өнері қорытындылайды.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика