Қызылордада спорт күні аталып өтті

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
22.08.2017 в 09:59

Қызылордада спорт күні аталып өтті

Қызылордада спорт күні аталып өтті

2017 жылғы 20 тамыз күні Қызылорда қаласында  ҚР Спорт күніне арналған қала тұрғындарының қатысуымен бұқаралық велошеру өтті.

Велошерудің мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, әрі облысымызда велоспорттың кеңінен өркен жайылуына үлес қосу.

Велошеру таңғы 10.00-де «Сыр - Ана» монументінен басталып, Тәуелсіздік даңғылы бойымен Ғ.Мұратбаев көшесі арқылы өтіп, орталық стадионда аяқталды.

Орталық стадионда Спорт күні мерекесімен сала мамандарын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов құттықтап, спорттың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

Олардың ішінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен спорт ардагері, бокстан КСРО спорт шебері Афанасий Ким, облыс әкімінің алғыс хатымен грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Юн, спорт басқармасының алғыс хатымен көгалдағы хоккейден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландиндер марапатталды.

Сонымен қатар,  спорт мекемелері арасында 16  команданың қатысуымен волейболдан жарыс өтті.

Нәтижесінде «Қайсар» волейбол клубы айқын басымдық танытып, жеңіске жетті. Екінші орынды облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің  қызметкерлері алса, үшінші орын Қажымұқан спорт клубына бұйырды.

Жеңімпаз және жүлдегер командаларға алғыс хат және кубоктар табысталды.


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика