Қызылордада «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында идеологиялық актив жиыны өтті

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
12.09.2017 в 22:04
Написать нам в WhatsApp

Қызылордада «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында идеологиялық актив жиыны өтті

Қызылордада «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында идеологиялық актив жиыны өтті

Бүгін Студенттер сарайында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында идеологиялық актив жиыны өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов жүргізіп отырды.

Шараның мақсаты - латын әліпбиіне көшудің негізгі мәселелерін қоғам өкілдерімен талдау, әліпбиге байланысты өзгерістерді халыққа түсінікті тілде жеткізу.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары, филолог-ғалымдар, мемлекеттік қызметшілер, білім беру саласының мамандары, үкіметтік емес және жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Айта кету керек, латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты облыста жұмысшы топ құрылып, ҚР Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктеріне ұсыныстар жолданды.

«Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңіндегі жаңа белеске қадам басқалы тұрған латын әліпбине көшу бұл - жазуды жаңғырту, тілді жаңғырту, елді жаңғырту болмақ.

Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тегеурінді болып, әлемдік тәжірибені игеруіміз үшін санамызға тың серпін керек. Осындай серпіліс арқылы бүкіләлемдік кеңістікке ене аламыз. Келешек ұрпақ өз кезеңінде тарихи мәселенің ұлылығын мойындайтын болады.

Ендігі жұмыс біз халық арасында аса маңызды қадамды дұрыс насихаттап, ұғынықты жеткізе білуіміз қажет. Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше», — деп облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы өз сөзін қортындылады.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика