БҚО тұрғындарына мемлекеттік саясат жете түсіндірілмек

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
13.09.2017 в 14:49

БҚО тұрғындарына мемлекеттік саясат жете түсіндірілмек

БҚО тұрғындарына мемлекеттік саясат жете түсіндірілмек

Батыс Қазақстан облысында «Тұрақтылық кепілі - қауіпсіздік» жобасы бастау алды. 11 қыркүйектен бастап 11 қазанға дейін жүзеге асырылатын аталмыш шарамен облыстың Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Сырым, Теректі, Зеленов аудандары мен Орал қаласы қамтылмақшы, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарымен бірлесіп қолға алынған жобаның  мақсаты - тұрғындардың  қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелер бойынша ақпараттандырылу деңгейін көтеру. Бұл жобаны жүзеге асыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша облыстың кейбір басқармаларымен іс-шаралар жоспарлары жасақталған. Бастысы, тұрғындарға  дін, білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау, құқық қорғау, мемлекеттік қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру болып табылады. Сонымен қатар, нормативтік-құқықтық базаны түсіндірумен топтың құрамына енген прокуратура органдарының өкілдері айналысады. Экстремизм және терроризмге, сыбайлас жемқорлыққа, заңсыз іс-әрекеттерге қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Таяуда Орал қаласында өткен аталмыш  жобаны іске асыру бойынша жұмыс  тобының отырысы кезінде облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов бұл бағыттағы жұмыстардың дұрыс жүруі ұйымдастырушыларға, басшыларға және жобаға тартылған мамандарға тікелей байланысты екенін айтса, БҚО прокурорының орынбасары Тәжіден Найманов түсіндіру-ақпараттандыру жұмыстарына сергек қарауға, оны «науқаншылдыққа» айналдырмауға шақырды. Сондай-ақ,  тұрғындарды мазалайтын өзекті мәселелермен танысып, олардың кейбіреулерін жергілікті жерлерде шешудің маңыздылығын жеткізді.

Жобаға одан өзге аудандардың белсенді жастары мен журналистері арасында әлеуметтік желі мен интернет-ресурстарында жұмыс жүргізу, ақпаратты дұрыс жеткізу, литті анықтау, ғаламторды пайдалану мен компьютерлік дағдыға үйрету мақсатында блогерлер пулы мен Отау ТВ жерсеріктік телевизиясы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін мамандардан тұратын топ құрылды.

-Кешенді түсіндіру іс-шарасына дін істері, білім, ішкі саясат, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, дене шынықтыру және спорт басқармаларының  және өзге де мемлекеттік құрылымдардың, ұйымдардың өкілдері кіреді. Экстремизм және терроризмнің түйткілдері тек дінмен байланысты емес, оның әлеуметтік астары, қосымша себептері бар. Сондықтан бес кіші топ құрдық. Бір топ зайырлы ауыл тұрғындарымен, екінші топ әйелдер жамағатымен, үшінші топ дәстүрлі және дәстүрлі емес дінді ұстанатындармен кездеседі. Төртінші топ қылмыстық атқару және құқық қорғау жүйелері бойынша жұмыстанады. Келесі топ ақпараттық жұмыспен айналысады. Жоба шеңберінде республикалық  ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, маман-теологтар Еркебұлан Қарақұлов, Сансызбай Шоқанов, Бауыржан Отарбаев, Рақымжан Әкімбеков, Алматы қаласындағы әулие Никольский кафедралдық шіркеуінің қызметкері, протоиерей Валерий Захаровтар тартылады. Әрбір мақсатты аудиторияға тиісінше 28 аталыммен 500 дана бейнематериал дайындалды, - дейді БҚО дін істері басқармасының басшысы Саялбек Ғиззатов.

Ақпараттық-түсіндіру топтары 13 қыркүйектен бастап аудандарға шығатындығын естеріңізге саламыз.

 


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика