Қалыпты діни ахуалды қалай қалыптастырамыз?

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
25.09.2017 в 10:19

Қалыпты діни ахуалды қалай қалыптастырамыз?

Қалыпты діни ахуалды қалай қалыптастырамыз?

Батыс Қазақстан облысында соңғы үш жылда террористік, экстремистік  бағыттағы қылмыстары үшін 30 азамат сотталды. Оның ішінде біреуінің бас бостандығы шектелсе, 20-сы (үшеуі әйел) бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

БҚО сотының судьясы Ғизатолла Қырықбаевтың жергілікті БАҚ-қа берген мәліметіне қарағанда, Орал қалалық сотымен 2015 жылы тоғыз тұлғаға қатысты бес іс, өткен жылы бес тұлғаға қатысты бес қылмыстық іс және ағымдағы жылдың сегіз айында сегіз тұлғаға қатысты бес қылмыстық іс қаралған. Сонымен қатар биылғы сегіз айда БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен сегіз  тұлғаға қатысты бір қылмыстық іс қаралған, яғни бұл санаттағы қылмыс бойынша сотталғандар саны көбейіп отыр.

«Орал қалалық сотының 02.09.2016 жылғы үкімімен О. есімді азамат ҚК-ның 174-бабы 1-бөлігімен, 256-бабы 1-бөлігімен, 58-бабы 3-бөлігімен, яғни 2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың ақпан айына дейін әлеуметтік, ұлттық, діни алауыздықты қоздырғаны, сондай-ақ терроризмді наихаттағаны және терроризм актісін жасауға жария түрде шақырғаны үшін үш  жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Осы соттың 11 наурыз 2016 жылғы үкімімен Ж. және У. есімді азаматтар  ҚК-ның 24-бабы 1-бөлігімен, 257-бабы 2-бөлігімен әрқайсысы алты жылға сотталған. Олар «Ислам мемлекеті - ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу үшін Түркия арқылы «Ақтау - Стамбул» рейсімен Сирияға ұшпақшы болғанда Ақтау әуежайынан оларды Маңғыстау облыстық ҰҚКД қызметкерлері құрықтады. Бұлардан басқа  Жаңақала ауданының сегіз тұрғыны «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының ресми өкілі саналатын лақап аты «Шейх Абу Мухаммад Аль Аднанидің» үндеуін және Ақтөбе қаласында діндес бауырларының тарапынан 2016 жылдың бесінші маусымында жасалған террористік актілеріне қатысты мән-жайларды Рамазан айындағы ауызашарларда жиі-жиі бас қосып, талқылап, ақпарат алмасып, солардың жасағандарын дұрысқа шығарып жүрген. Жиындардың бірінде бауырлардың бір мүшесі қара түсті мата әкеліп, ұялы телефонынан ғаламтордан «Ислам мемлекеті – ДАИШ» ХТҰ рәмізі ретінде қара түсті туы бейнеленген фотосуретін бауырларына көрсетіп, осы тудың дәлме-дәл көшірмесін дайындаған. Соңынан бірнеше аутокөліктің люгінен желбіретіп шығарып, кортеж жасап, ауыл маңындағы көлдің жағасына серуенге шыққан. Көлдің басына жеткен соң үш метрлік ағаштың басына қара түсті туды іліп қойып, демалыс өткізіп, терроризмді насихаттаған. Содан кейін террористік топ құрып, ғаламтор арқылы қолдан жарылғыш заттарды жасауды талқылаған және Жаңақала аудандық ішкі істер бөліміне шабуыл жасауға дайындалған. Олардың ішінде бір мүшесі бұрын Аль-Каида халықаралық террористік ұйымында, яғни Ауғанстан аумағында әрекет жасап жүрген тұлғаны қаржыландырғаны үшін және бір мүшесі Сирия мемлекетінің аумағында әрекет ететін «Ислам мемлекеті – ДАИШ» халықаралық террористік ұйымына қосылғысы келген үш тұлғаны Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізуге әрекет жасағаны үшін бұрын сотталған. Сотта олардың Ислам дінінің радикалды Такфир бағытын ұстанатыны анықталды. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 21 маусым 2017 жылғы үкімімен сегіз  тұлға бес  жылдан он бес жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды», —дейді Ғизатолла Қырықбаев.

Мамандар елімізде қалыпты діни ахуалды қалыптастыру үшін экстремизм мен терроризмге қарсы күрес кешенді түрде қолға алынуы тиіс деп санайды. Оның діни, әлеуметтік, психологиялық, экономикалық аспектілерімен қатар, құқықтық негіздемесін жетілдіру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін міндетіне айналып отыр. Соған орай Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын іске асыру, Қазақстанды қуатты мемлекетке айналу мақсатында ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрбір өзекті мәселені дер шағында алдын алуға батысқазақстандық құзырлы органдар да жете мән беріп келеді.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика