Қызылорда облысында 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
07.09.2017 в 08:51

Қызылорда облысында 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда

Қызылорда облысында 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда

Қызылорда индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев аймақтағы жүзеге асқан жобалар туралы баяндап берді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Мемлекет Басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі – «Басым салаларда бәсекеге қабілетті  экспорттық  өндірісті дамыту үшін индустрияландыруды жалғастыру» болып табылады.

Осы ретте, бұл бағыттағы жұмыстар облыс көлемінде индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында  құны 610 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,2 мың адамды жұмыспен қамтитын 24 жоба жүзеге асырылуда.

Жалпы алғанда, бағдарламаның бірінші бесжылдығы аясында 17 жоба іске қосылған болса, екінші бесжылдық аясында іске асырылатын 24 жобадан бүгінгі күні 3 жоба іске қосылды.

2017 жылдың 7 айында барлық іске қосылған жобалар арқылы 10,7 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемінің 12,1 % құрады.

Атап өту қажет, индустриалық жобалар бұрын 8 елге өнімдерін экспортқа шығарса, 2017 жылдан бастап 10 елге өнімдерін экспортқа шығара бастады. 2017 жылдың 7 айында индустриялық жобалар арқылы экспортталған өнім көлемі былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 81,2% артты.

«Бір ғана мысал, бағдарлама аясында 2 бірдей испандық цехты іске қосқан «Аралтұз» АҚ-мы  2016 жылы шет елдерге 60% өнімін экспорттады. Тек соңғы 2 жылда Ресей нарығында ас тұзы бойынша 12% үлесті иеленді.

Өнеркәсіп саласында ү.ж. 23 жобаның іске қосылуы жоспарланған, оның ішінде 10 кәсіпорын индустриялық аймақта орналасқан. Оның ішінде, 2017 жылдың І жартыжылдығында 7 шағын және орта кәсіпорын ашылып, 73 жұмыс орны құрылуда. Ү.ж. ІІ жартыжылдығында 551 жұмыс орны құрылатын 16 кәсіпорынның іске қосылуы жоспарланған», — атап өтті Р.Сұлтангереев.

Оның айтуы бойынша, бүгінгі күні, облыста 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда.

Дәстүрге айналған «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумын биылғы жылы қараша айында өткізу жоспарлануда.

Сонымен бірге, 19 маусымда «Байқоңырда бизнес мүмкін бе?» атты тақырыпта ІІ халықаралық «Интернет-форум» өткізілді. Форумда 20-дан астам халықаралық компаниялардың және ҚХР, Израиль, Түркия, Әзірбайжан, Ресей, Ұлыбритания, Нидерланд Патшалығы, Финляндия Республикасы, Дания сияқты әлемнің 9 елінің өкілдері қатысты. 

2017 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша облысымызға жақын және алыс шетелдің 11 елінің делегациялары келді.

«Өңдеу өнекәсібі саласында 7 айында 57,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артқан. Шикізаттық емес сектордың жалпы ішкі өнім құрылымындағы үлесі 4 жылда 3 есе өскенін атап өтеміз. Инвестиция көлемі ү.ж. 7 айда 19 пайызға өсіп, 92 млрд.теңгені құрады.

Бұл көрсеткіштер облыс экономикасында әртараптандыру бағыты қарқынды деңгейде жүргізілуде екенін көрсетуде. Алдағы уақытта облыс көлеміндегі жұмыстар Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттер шеңберінде өз жалғасын табатын болады», — деп облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы ақпараттандырды.    


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика