Қызылордадағы «Аралтұз» Әзербайжанға тұз экспорттауды бастады

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
14.09.2017 в 19:23

Қызылордадағы «Аралтұз» Әзербайжанға тұз экспорттауды бастады

Қызылордадағы «Аралтұз» Әзербайжанға тұз экспорттауды бастады

Әзербайжанға Арал тұзының алғашқы вагоны жөнелтілді,-деп хабарлады 11-14 қыркүйек аралығында Ресей астанасында өтіп жатқан «World Food Moscow» 26-шы халықаралық мамандандырылған көрмесінде компанияны таныстырған «Аралтұз» АҚ-ның маркетинг және тарату жөніндегі вице-президенті Евгений Король.

«Кәсіпорын Ресейдің тұз нарығының 13 пайызын жеңіп алды. Бұдан бөлек, біз Қырғызстанға да өз өнімдерімізді жөнелтеміз, жақында тұздың алғашқы вагонын Әзербайжанға жібердік. Болашақта нарықты кеңейтіп, Қытай мен Шығыс Еуропа елдеріне экспорттауды жоспарлап отырмыз»,—деді Евгений Король.

 «Аралтұз» АҚ жаңа серіктестер тарту мақсатында Ресейде маңыздылығы мен ауқымы жағынан екінші саналатын 26 -шы мамандандырылған «World Food Moscow» көрмесіне қатысуда.

Айта кету керек, «Аралтұз» АҚ металлургия, химия, өнеркәсіптің өзге де салаларында сұранысқа ие кальцийлендірілген сода өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.  Атап айтқанда, шикізат Қызылорда қаласында шыны шығару өндірісіне қолданылатын болады. Зауыттың жылдық қуаты 300 мың тонна өнімді құрайды. Бұл республикада кальцийлендірілген сода шығаратын жалғыз зауыт болмақ әрі еліміздің барлық сұранысын   75% -ға қанағаттандырады.  Бүгінде кальцийлендірілген сода нарығының 100%-ын  импорттық өнімдер құрайды.

Анықтама: «Аралтұз» АҚ  - йодталған ас және техникалық тұз шығаратын қазақстындық ірі кәсіпорын. Кәсіпорын өнімнің бірнеше түрін шығарады: ас тұзы әртүрлі деңгейдегі жұмсақ және қатты қаптамаларда, сондай-ақ, мал азығына және техникалық қажеттіліктерге арналған түрлері.   Компания Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан, 1200 ден астам адам жұмыс істейді.

11-14 қыркүйек аралығында Мәскеуде өтіп жатқан «World Food Moscow 2017» халықаралық азық-түлік жәрмеңкесіне әлемнің 64 елінен  1500 ден астам ресейлік және шетелдік азық-түлік өнімдері мен сусындарын жеткізуші компаниялар қатысуда.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика