Қызылордада 7 спорт кешенінінің құрылысы жүруде

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
15.09.2017 в 09:47

Қызылордада 7 спорт кешенінінің құрылысы жүруде

Қызылордада 7 спорт кешенінінің құрылысы жүруде

Спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру мақсатында биыл аймақтың 7 елді мекенінде,  атап айтқанда Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде заманауи үлгідегі спорт кешендері салынуда. Аталған нысандар келер жылы ел игілігіне беріледі. Бұл  туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов мәлімдеді.

Елбасы Жолдауына сәйкес 2020 жылға қарай Қызылордада спортпен тұрақты шұғылданушылардың қатарын  30 пайызға жеткізу жоспарлануда. Бұл міндет бұқараны салауатты өмір салтын ұстануға үндеп, спорт нысандарының қатарын арттыру арқылы жүзеге асуда. Соңғы 3 жылда өңірде 9 спорт кешені пайдалануға берілген. Қызылорда қаласының «Мерей» мөлтек ауданында мемлекеттік жеке әріптестік аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Мұнда 1200 адамның 15 спорт түрімен шұғылдануына жағдай жасалған.

Көшедегі спорттық құрылымдарға қолжетімділікті арттыру мақсатында Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің қолдауымен қаладағы орталық алаң, Тасбөгет, Мерей мөлтек аудандары мен М.Ералиева мәдениет үйі ауласында 4 стрит воркауд алаңын салу жоспарланған. Қазіргі таңда орталық алаңдағы воркауд кешені жұмыс істеп тұр.

Ағымдағы жылдың сегіз айында аймақта дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 26,4 пайызға көтеріліп, 203 594 адамға жетті. Бұқаралық спортты дамыту үшін 133 елді мекенге 270 спорт нұсқаушысы бекітіліп, дене шынықтырумен тұрақты айналысатын азаматтар саны 41 мыңнан асты.

Айта кету керек, жыл басынан бері Қызылорда облысының спортшылары Қазақстан чемпионаттарында - 563 медаль жеңіп алса, Азия, Әлем чемпионаттарында – 53 медаль иеленді. Еліміздің Ұлттық құрама командасына облыстан 420 спортшы енді.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика