Қызылорда облысы 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
26.10.2017 в 10:41

Қызылорда облысы 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Қызылорда облысы 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Қызылорда облысының 9 айдағы атқарылған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде талқыланды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Жалпы зерттеу бойынша өңірдің жетістіктері оң нәтижеге ие. Дегенмен, алда атқарар жұмыстар да ауқымды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «ендігі жерде үгіт-насихатты емес, нақты іс-қимылды күшейту керек» деп атап өтті.

Кеңейтілген мәжілісте облыс әкімінің орынбасарлары мемлекеттік бағдарламалардың атқарылуы мен Елбасы тапсырмаларының орындалуы туралы есептерін берді.

Мысалы, жыл басынан бері аграрлық салада өнім көлемін көбейтуде және ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттауда тұрақты өсім бар. Аймақ еңбеккерлері жарты миллионнан астам тонна күріш жинап, кезекті рет рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Орташа өнім көлемі гектарына – 55,3 центнерден келеді.

Есепті кезеңде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 547,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Жеңіл, химия өнеркәсібі және мұнай өңдеу өнімдерін өндірудің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 6,2 пайызға қамтамасыз етілді (78,2 млрд. теңгенің  өнімі өндірілді).

«Нұрлы жер» бағдарламасының аясында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 36,4 пайызға өсіп, 467,0 мың ш.м. құрады. Биыл облыста 47 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оның 24 пайдалануға берілген.

Индустрияландыру картасы шеңберінде облыста 20 жоба жүзеге асырылып, бүгінде 16-ы толық өндірістік қуаттылыққа шықты.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындармен экспортталған өнім көлемі соңғы жылы 23 пайызға өсті (2017 жылдың 8 айында 3,9 млрд.теңге), ал импорттаушы елдердің саны 8-ден 11-ге өсті (Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Дания, Тәжікстан, Ауғанстан, Қытай, Ұлыбритания, Польша, АҚШ, Тайван).

«Халықтың әл-ауқатын арттыру – біздің басты міндетіміз. Насихат пен түсіндіру жұмыстарының уақыты өтті. Ендігі жерде нақты               іс-қимылды күшейтетін кез келді. Әсіресе, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша. Өмірде өз орнын таппаған жандар әлеуметтік мәселенің туындауына себепкер болып жатады. Сондықтан, біз келешекте еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жерлестерімізді оқытуды қолға алып отырмыз. Қуанатын жайт, биыл мектеп бітірген қызылордалық түлектердің 97 пайызы жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті. Осылайша, жастарға сенімді болашаққа бағыт беріп қана қоймаймыз, маргинал жастардың қатарының азайуына да өз үлесімізді қоса аламыз», — деді облыс әкімі.

Тек жыл басынан бері өңірге 11 елдің өкілдері келіп, өнеркәсіп, кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, білім беру және т. б. салалардағы бірлескен жобаларды талқылады.

Айта кетейік, 15-16 қарашада өңірге келетін инвесторлардың алаңына айналған Қызылорда мен Байқоңыр қалаларында кезекті «Байқоңыр-инвест» халықаралық форум өтеді.


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика