«Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік»

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
24.10.2017 в 13:37

«Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік»

«Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік»

Елімізде соңғы 5 жылда экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 1 мыңнан астам сайт жабылған. Бірақ шетелдік контенттерді бұғаттау оңай емес. Себебі, біреуін жапса, дәл сол нұсқада басқа сілтемемен екінші ресурс іске қосылады. Соған байланысты бірқатар заңнама талаптары жетілдірілді. Енді бұрынғыдай сот органдарына талап арызбен жүгінбей-ақ, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне ұсыныс жасап, министрлік ұйғарымымен теріс пиғылды сайттарға тыйым салуға болады.

Бұл жөнінде БҚО прокуратурасының бөлім басшысы Алмас Оңаев мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл Батыс Қазақстан облысында экстремизм мен терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудыруға бекінген 11 тұлғаға қатысты қозғалған 12 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шықты.

Зерттеулер мен талдау жұмыстары көрсеткендей, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары негізгі пәрменді әдіс-тәсіл болып табылады. Сондықтан батысқазақстандық жергілікті атқарушы билік құрылымдары ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы қоғамда терроризм идеяларына қарсы иммунитетті, тағатты діни сананы қалыптастыру және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ ұлттық және дәстүрлі діни құндылықтарымызды жастардың санасына сіңіруіге жете мән беріп отыр. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында облыс тұрғындарының әр түрлі санаттарын қамтитын бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі - «Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасы.

-Жоба ауқымында 11 қыркүйек – 11  қазан күндері аралығында Орал қаласы мен Жаңақала, Бөрлі, Теректі, Сырым, Ақжайық, Зеленов аудандарында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған жергілікті теолог мамандармен қатар, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері және психолог мамандар қатысты. Өңірімізде 34 маманнан құралған 5 топ бірнеше бағытта жұмыстанды. Мәселен, зайырлы ортада 14 мыңнан астам ақпараттық-түсіндіру шаралары өтті. Жоба бойынша «қауырт желі» мен «сенім телефонының» нөмірлері көрсетілген үлестірмелі парақтар, ақпараттық-танымдық материалдар  таратылды. Сонымен қатар, аудандарда әйел жамағатына арналған дәрістер ұйымдастырылды. Ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері діндар азаматтармен және деструктивті діни ағым мүшелерімен жекелей кездесіп, дәстүрлі діни бағыттарды түсіндірді. Жоба бойынша жасы 18 бен 69 аралығындағы 1 мың тұрғынның қатысуымен әлеуметтік сауалнама ұйымдастырылды. Сауалнамада оларға еліміздегі және өңіріміздегі діни ахуалмен қаншалықты таныс екені жөнінде сұрақ қойылды. Қатысушылардың 85,8 пайызы «жақсы білетінін» айтса, 4,9 пайызы бұл сала «қызықтырмайтынын», 5,9 пайызы «жауап беруге қиналатынын», 3,4 пайызы діни ахуалды зерттеуге «уақыты жоқ екенін» көрсеткен. Мұның алдындағы сауалнамада 72 пайызы жақсы білеміз деп жауап берген еді. Яғни, «Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасынан кейін әлеуметтік зерттеу қорытындысы оң нәтиже көрсетті, – деді БҚО дін істері басқармасының басшысы Саялбек Ғиззатов.


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика