Батыс Қазақстан облысында құрылыс қарқыны артып келеді

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
17.10.2017 в 19:06

Батыс Қазақстан облысында құрылыс қарқыны артып келеді

Батыс Қазақстан облысында құрылыс қарқыны артып келеді

Еліміздегі ең өзекті мәселенің бірі тұрғын үй екені белгілі. Осы мәселені шешу үшін мемлекет тарапынан түрлі іс-шаралар алынып жатқаны белгілі. Батыс Қазақстан облысында да бұл бағытта біраз шаруа атқарылды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Мәселен, былтыр «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» және «Нұрлы жер» аясында орындалған құрылыс жұмыстарының ауқымы 9%-ға өсіп, ол тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымды дамыту есебінен 80,8 млрд. теңгені құрады. Ұлттық қор мен мемлекеттік бюджеттен құрылыс саласына 20 млрд. теңге қаржы бөлінді. Барлық қаржыландыру көздері арқылы 210 мың шаршы метрден астам тұрғын үй іске қосылды. Яғни жылдық жоспар 111%-ға орындалды. Тұрғын үй құрылысына 17 млрд. теңге бөлінді. Ресми мәлімет бойынша «Өңірлерді дамытудың 2020 дейінгі бағдарламасы», «Бәйтерек» холдингі, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі бойынша 14 көппәтерлік үй (1 265 пәтер) және 22 бір бөлмелік үйлер пайдалануға (Бөкей ордасы, Жаңақала аудандары) берілді. Сөйтіп 2016 жылы 1500 батысқазақстандық отбасы баспаналы болды. Бұл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өңір тұрғындарына жақсы тарту болғаны анық.

Одан басқа биыл «Өңірлерді дамытудың 2020 дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Бөрлі ауданындағы Березов және Бестау ауылдарының тұрғындарына «ҚПО б.в.» компаниясы есебінен тоғыз  қабатты 153 пәтерлік екі тұрғын үй салынуда. Сондай-ақ бір қабатты усадьбалық үлгідегі 100 үй, 320 орындық балабақша, Ақсай қаласында және Аралтал ауылында мектептер пайдалануға беріледі.

Ағымдағы жылы облыста 1600 пәтерлі 11 көп қабатты үй, 8 ауданда 245 пәтерлі 191 бір қабатты үй салынады. Осы үйлерді салуға қазынадан 10 млрд. теңге, соған инфрақұрылым тартуға 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

-Мемлекеттік бағдарламалар аясында облысымызда жүріп жатқан құрылыс жұмыстары еліміздің, соның ішінде облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай ықпал етері сөзсіз. Себебі, өндіріс орындары, құрылыс компаниялары, өзге де кәсіпорындар тапсырыс алып, қалыпты жұмыс істеуде, қосыша жұмыс орындары ашылуда және үй кезегінде тұрған азаматтардың армандары орындалып жатыр,-дейді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов.


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика