Діни эктремизммен күресте бірізділік пен жүйелілік керек

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
06.10.2017 в 10:12

Діни эктремизммен күресте бірізділік пен жүйелілік керек

Діни эктремизммен күресте бірізділік пен жүйелілік керек

Ағымдағы жылдың қаңтарында Самарадағы «Курумоч» әуежайында Сириядағы қақтығысқа кетіп бара жатқан қазақстандық екі азамат құрықталды. Бұл батысқазақстандық және самаралық ішкі істер органдары қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Бұл туралы 4 қазанда Орал қаласында өткен БҚО және Ресейдің шекаралас бес губерниясындағы ішкі істер құрылымдары басшыларының кеңесі кезінде айтылды. Жиында діни экстремизммен қатар, есірткі бизнесіне қарсы күрес, заңсыз көші-қон мәселелері де сөз болды.

-Мемлекет басшыларымыздың сындарлы саясаттарының арқасында елдеріміздің экомикалық, саяси, әлеуметтік және қауіпсіздік, соның ішінде қылмыспен күрес бағытындағы мәселелер шешімдерін тауып, жаңа сипатта дамуда. Соның нәтижесінде посткеңестік елдер арасында Кеден одағы құрылды. Жүк пен жолаушылар ағымының өсуі есірткі, қару сынды контрабандалық арналарды ұйымдастыруға, заңсыз миграцияның артуына және жат діни ағымдар өкілдерінің шекарадан кедергісіз өтуіне жағдай жасағаны аян. Мұндай кезде аталмыш қауіп-қатерлермен күресті шекаралас аумақтарда ұйымдастырудың маңызы зор. Әрі осындай жұмыстарымыздың сапасы көп жағдайда мемлекеттік қауіпсіздікпен тығыз байланысты. Сол себепті РФ-ның шекаралас ішкі істер құрылымдарымен қылмыспен күрес бойынша тығыз қызметтік байланысымыз біздің жедел-қызметтік жұмысымызда басты басымдықтардың бірі болып табылады.

ҚР мен РФ ішкі істер министрліктерінің бірлескен алқасының құрылуы біздің жұмыстарымызға тың серпін берері анық. Бүгін аталмыш алқаның аясында жұмыстарымызды үйлестіру және өңіраралық байланысты одан әрі дамыту мақсатында пікір алмасу алаңына жиналып отырмыз. Жалпы осындай бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру іс-шаралары жақсы нәтижелерге қолжеткізуге ұйытқы болуда. Мысалы үшін айтсам, соңғы үш жыл ішінде бірлескен жедел іздестіру шаралары кезінде біздің департаментпен іздеу жариялаған 20 адамның РФ аумағында жүргені анықталып, олар құрықталды. Ал ресейлік әріптестеріміз іздеп жүрген 37 қылмыскер біздің облысымыздың аумағында ұсталды.

Бүгінгі таңда біз халықаралық террорим, діни экстремизм сынды мәселелермен бетпе-бет келіп отырмыз. Сол себепті кеңесіміздің күнтәртібіне осынау мәселелер қарастырылуда, оларға қарсы бірлескен іс-шараларды одан әрі жетілдіруіміз керек,-деді БҚО ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Мақсотхан Аблазимов.

РФ Саратов ІІМ-ның бас басқармасы басшысының орынбасары, ішкі қызмет генерал-майоры Андрей Коноваловтың сөзіне қарағанда, қазір әлем бойынша діни экстремизм мен терроризмнің қаупі зор. Сириядағы қақтығыстарда ресейлік және қазақстандық азаматтар да жүр. Елде олардың жақтастары жоқ емес. Соған байланысты бұл бағытта күдікті деп танылған азаматтармен арадағы түсінік, алдын алу жұмыстарын жүргізуде бірізділік пен жүйелілік керек.

Жиын соңында басқарма басшылары ҚР және РФ ішкі істер құрылымдарының шекаралық ынтымақтастығы бойынша бірлескен кеңес хаттамасына қол қойды. 


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика