Шымкентте отандық кілемдердің жәрмеңкесі өтті

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
13.10.2017 в 17:36

Шымкентте отандық кілемдердің жәрмеңкесі өтті

Шымкентте отандық кілемдердің жәрмеңкесі өтті

Шымкенттегі «Көрме» орталығында «Ұлы дала кілемдері» атты бескүндік кілемдер жәрмеңкесі өткен болатын, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Көрмені тамашалауға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және облысымызға арнайы жұмыс сапарымен келген Иран Ислам Республикасының Хорасан Разави провинциясының губернаторы бастаған делегация келді.

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасы Елбасының бастамасымен құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылғанын атап өтті.

«Республикадағы ірі кілем зауыты тоқыма саласына қосар үлесі мол. Бүгінде фабрика айрықша ою-өрнектермен әрленген, отандық кілемнің 2000-нан астам түрлерін облыс тұрғындарына ұсынуда. Жобаның серіктесі - әлемдегі ең ірі 5 кілем өндірушілердің бірі болып табылатын және әлемдік нарықта 20 жылдан астам тәжірибесі бар «Kartal Hali» (Түркия) компаниясы», — деді әкім.

Шымкентте екінші рет ұйымдастырылып отырған көрмені еліміздегі ірі кілем шығарушы «Бал Текстиль» фабрикасы ұйымдастырды. Жәрмеңкеде қонақтардың назарына 1 мыңнан астам кілемдер мен оның түрлері ұсынылуда. Шара аясында арзандатылған бағада кілем түрлерін сатып алуға болады.

Айта кетейік,  өндірістік қуаты жылына 5 млн. шаршы метр кілем тоқуға қауқарлы фабрика іске қосылған 2013 жылдан бері 9 млн шаршы метрге жуық кілем тоқыса, осы аралықта 6 млн. келі болатын пропилен жібін иірген.


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика