БҚО-да дәстүрлі дінге бет бұруда

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
10.11.2017 в 13:24

БҚО-да дәстүрлі дінге бет бұруда

БҚО-да дәстүрлі дінге бет бұруда

Сырым ауданының Бұлдырты ауылында дәстүрлі емес дін ұстанатындар бар. Ауылдағы мешітте имам болмағасын олармен жүйелі түрде жұмыс жүрмей келген еді. Таяуда ҚМДБ-ның арнайы бұйрығымен Сәрсембай Төлеубаев есімді жаңа имам келді. Алпыс алты жасар имам Сыр өңірінің тумасы.

Темір жол саласында ұзақ уақыт еңбек еткен ол 1996 жылдан бері дін жолында жүр. Қапшағай қаласындағы медреседен діни тәлім алып, артынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы имамдардың білімін жетілдіру курсынан өтіп, Атырау, Ақтөбе, Алматы облыстарындағы және Алматы қаласындағы мешіттерде қызмет атқарған.

«Барша адаммен тіл табысып, еңбек етудеміз. Жұма намазына 30-дан аса жамағат келеді. Басым көпшілігі жастар. Енді ауылдың үлкендерін мешітке тарту бағытында жұмыстанып жатырмыз. Өткен Ережеп айындағы қасиетті түн – Миғражды, Шағбан айындағы Барат кешін қарсы алдық. Рамазан айында ауызашар жасап, Қадір түнін де кең көлемде қарсы алдық. Оған ханафи масқабындағы аудан, облыс көлемінде жүрген осы ауылдың тумаларын да шақырдық.

Аудан, ауыл басшыларына рахмет, қош келдіңіз деп, жылы сөздерін айтып, қолдарынан келгенше көмектесуде. Мешітке көгілдір отын қосты. Жалпы бұл мешіт 2006 жылы салынған екен. Содан бері ол жөнді жұмыс жасамаған. Яғни ғимарат жөндеуге зәру болды. Ауыл тұрғындарының жиыны өткен кезде бұл мәселе көтеріліп, ауылдағы кәсіпкерлер, шаруа қожалығы басшылары, ауыл тұрғындары осынау істерді жүзеге асыруға мүмкіндігінше жәрдем беретіндерін айтты. Сөйтіп мешітке мұнара қойылып, ішіне күрделі жөндеу жүргізілді», — дейді Сәрсембай Бодықұлы.

Ауыл әкімі Ерлан Мақашев жаңа имамның келуімен мешіт жұмысының жанданғанын айтады.

«Мешітімізге бұған дейін біраз имамдар келді. Біреуі жас болса, екіншілері халықты өзіне ұйыта алмай кері кетті», — дейді Ерлан Қабдолуапұлы. — Ауыл тұрғындары өмірден азды-көпті көріп-түйгені бар және осы салада тәжірибесі мол адамның имам болуын қалаған соң Сәрсембай ағамыз келді. Сәрсембай Бодықұлының білім-білігінің, адамды ұйытар уағыз-насихатының нәтижесінде ауыл азаматтары, әсіресе жат діни ағымның шылауында жүргендер дәстүрлі дінімізге бет бұруда, енді жасы үлкен аға-апаларымыз да мешітке келе бастады».


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика