Батыс Қазақстанда білім ұялары жаңғырытылуда

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
<
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
15.11.2017 в 16:12

Батыс Қазақстанда білім ұялары жаңғырытылуда

Батыс Қазақстанда білім ұялары жаңғырытылуда

Қолданыстағы мемлекеттік және үкіметтік жобалар, соның ішінде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы арқылы Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік нысандар бой көтеріп, инженерлік инфрақұрылымдар тартылуда, деп хабарлайды NewTimes.kz.

БҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, биыл өңірдегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар жобаларын жүзеге асыруға 23,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржының біраз бөлігі білім, денсаулық, мәдениет салаларына қажет нысандар салу мен оларды жөндеуге бағытталды. Орал қаласында құрылысы жүріп жатқан төрт бірдей мектеп те солардың қатарында.

Ғимараты апатты деп танылған Орал қаласының №4 мектебі қайта салынуда. 300 балаға арналған білім ұясы көп кешікпей пайдалуға берілмекші. Қазіргі уақытта төрт қабатты мектептің ішкі құрылыстары және кабинеттерге жабдық орнату мен жиһаздарын құрастыру жүргізілуде. Мектепте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифт пен пандус орнату қарастырылған. Білім ордасы аумағында футбол мен волейбол, баскетбол алаңдары салынған.

Орал қаласына қарасты Деркөл кентік округінің 2-кезең деп аталатын ауданындағы тұрғындары саны жыл өткен сайын көбеюде. Соңғы үш-төрт жылдан бері бұл ауданға әлеуметтік нысандар салу мәселесі көтеріліп келеді. Міне, соған орай 600 балаға арналған мектептің құрылысы қолға алынған еді.

«Бұл нысанның жобасы Орал қаласындағы басқа білім ордаларынан өзгеше. Мектеп аумағы кең. Жоба бойынша екі спорт зал салынды. Оның біреуі бастауыш сыныптарға арналған. Жертөледе тир орналасқан. Жасанды төсеніш салынған футбол алаңы мен резеңке жабын төселген жүгіру жолағы бар. Қазіргі уақытта мектеп аумағын абаттандыру жүргізілуде. Соңғы уақытта жауын-шашын қиындық тудырғанымен, мектеп аумағының біраз бөлігін асфальттап үлгердік», — дейді мердігер компания өкілі Нұрлан Қуанғалиев.

Бұл білім ұялары нысандарынан бөлек Деркөл кентінің 1-кезең ауданы мен Зашаған кенттік округінің Сарытау шағын аудандарындағы мектептердің де құрылысын жүргізуде. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар ғимараты апатты деп танылған мектептерді жаңғыртуға және үш ауысымда оқитын білім ұяларын қысқартуға мүмкіндік бермекші.


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика