Шымкентте көкөніс бауы көбейеді

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
<
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
11.11.2017 в 19:41

Шымкентте көкөніс бауы көбейеді

Шымкентте көкөніс бауы көбейеді Фото: shymkenttv.kz

Қала аумағындағы жасыл желектің көшеттерін күзгі толықтыру жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Жасыл аймақ» мемлекеттік мекемесі 400 гектар алқаптағы жерсінбеген көшеттердің орнына жаңаларын қайта егеді.

Жоспарланған 6 мың түп алма ағашының көшеті қалаға жеткізілген. Оны жерсіндіруді көздеген «Жасыл аймақ» мемлекеттік мекемесінің жұмысшылары көшеттерді ерекше тәсілмен егіп жатыр. Айтуларынша, саннан бұрын сапа маңызды, егілген әр ағаш көктемде желкілдеп өнуі тиіс. Алдағы жоспарда алма, алмұрт, сарыөрік, жаңғақ ағаштарының көшеттері егіледі. Барлығы — 16 мың түп жеміс ағашы.

2009 жылдан бері қала сыртындағы 5 мың 64 гектар алқапқа түрлі ағаш сұрпы отырғызылған. Енді бұл аймақ тағы 3 мың гектарға ұлғаюы мүмкін. Осы бағытта жер телімінің құжаттары рәсімделуде. Ал егілген көшеттерді суару мәселесі толығымен шешімін тауыпты.

Жасыратыны жоқ, алғашқы кезде жасыл желек аймағына тек қарағаш, үйеңкі және терек секілді жеміс бермейтін ағаш түрлері отырғызылса, енді жеміс ағаштарына да көңіл бөліне бастады. Өткен жылы егілген мәдени екпені есептегенде жемісті баудың аумағы 100 гектарға жуықтапты. Сала мамандары алдағы 1-2 жылда еңбектерінің жемісін де көреміз деп қуанып отыр.


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика