Батыс Қазақстан облысындағы ассамблея өкілдері латынға көшуге атсалыспақ

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
<
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
27.11.2017 в 15:53

Батыс Қазақстан облысындағы ассамблея өкілдері латынға көшуге атсалыспақ

Батыс Қазақстан облысындағы ассамблея өкілдері латынға көшуге атсалыспақ

Оралда «Qazaq kitaptari 1929-1940 zhyl» тақырыбында латын қарпінде жарық көрген кітаптар көрмесі өтуде, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Көрмені «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы, ҚР Ұлттық кітапханасы мен Батыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Осы көрменің ашылу салтанатына БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғайса Қапақов бастаған ассамблея өкілдері де келді. «Бірлік» әзірбайжан мәдени-ағарту қоғамының төрағасы Наджаб Мамедовтың айтуынша, 1991 жылы Әзірбайжанда түрік тілінің нұсқасындағы әліпби қабылданды. Алғашқы заң қабылданғаннан кейін ел ішінде осы мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастар болғаны рас. Осыны ұзаққа созып, аяғын ушықтырып жібермес үшін үкімет қатаң қадағалау саясатын ұстанды, осының нәтижесінде келеңсіз жайттар көп орын алған жоқ, елдің беті бірден бері қарады. Яғни біржақтылықты ұстанған саясат өз жемісін берді, қазіргі кезде Әзірбайжанда латын графикасына өту процесі аяқталды. Қазақ елінің де латынға көшкенін «бірліктіктер» толығымен қуаттайды. Жалпы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыруға ассамблея өкілдері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып әрекет етуде. Мұның өзі қазақстандық біртектілік пен бірлікті дамытуға тың серпін берері анық.

-Түрік тілін араб және парсы тілдерінен енген сөздерден тазалау мақсатында біздің ел де кезінде латын қарпіне көшті. Алғашқы кезде бізде де қиыншылық орын алмай қалған жоқ. Үлкен қиыншылық тудырғаны араб сөздеріне қатысты болды. Себебі, Құран араб тілінде болғандықтан халық арасында түсінбеушілік туындады. Оған Түркия ислам дінінен алыстайды деген арандатушылықтар да септігін тигізді. Ел ішіндегі толқуға байланысты бұл реформа кейінге сырылды. Артынан Мұстафа Кемал Ататүріктің бастамасымен бұл мәселе терең зерттеп барып тағы ұсынылды. Бұл нұсқа көпшіліктің көңілінен шығып, 1928 жылы Түркия латын әліпбиіне көшті. Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін бауырлас түрік халқы толығымен қолдайды. Енді біздің арамыздағы экомикалық-рухани байланыс аясы одан әрі кеңи түсетініне сенемін,-дейді облыстық білім инновациялық лицейінің оқытушысы Шахин Билен.

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы Ұлттық кітапханамен бірлесіп бұрын елімізде латын қарпінде шыққан 1,5 мыңнан аса кітапты тапқан. Сол кітаптардың 100-ден астамын Оралға әкеліп отыр. Көрме 1-ші желтоқсанға дейін созылады.


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика